Кәсіпқой бокс • 01 Ақпан, 2019

Геннадий Головкин өзінің бұрынғы менеджерлерін сотқа берді

545 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

TheBlast.com атты америкалық басылымның мәлімдеуінше, орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин өзінің бұрынғы менеджерлері Максимилиан және Олег Германдарды сотқа берген және олардан ірі ақшалай өтемақыны талап етіп отыр. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.

Геннадий Головкин өзінің бұрынғы менеджерлерін сотқа берді

Головкиннің айтуынша, Максимилиан және Олег Герман әдейі табыс туралы есеп бермей, сомалары құжаттағыдан әлдеқайда жоғары болған комиссия төлемдерін алып жүрген. Оған қоса, менеджерлер Головкиннің соңғы жекпе-жектерін ұйымдастыруда ешқандай қызмет көрсетпесе де ол үшін ақы төлеуді талап етіп отыр.

GGG Германдармен іскерлік қатынасын 2017 жылы үзгенін мәлім еткен. Алайда олармен келісімшарт үзілсе де бұрынғы менеджерлер Головкиннің Сауль «Канело» Альвареспен екінші жекпе-жегінен барынша табыс табуға тырысқан.

Басылымның мәліметінше, Геннадий олардан бұрынғы келісімдерінен олар пайда көрген 3,5 миллион АҚШ доллары көлеміндегі соманың қайтарылуынан үмітті. Ол сондай-ақ менеджерлермен байланысын ресми түрде үзетін сот шешімін күтіп отыр.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше