Аймақтар • 02 Ақпан, 2019

Абай музейінде «Өнегелі өмір өрнектері» кітабының тұаукесері өтті

814 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Өнегелі өмір өрнектері» кітабының авторы Семейдегі «Ақылдастар» ауыл  ардагерлері қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сағындық Бейсенбаев. Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде өткен тұсаукесер жиынды музей қызметкері Назерке Асхатова алғы сөзбен ашып, ардагер-ақсақал Сағындық Бекқалиұлының өмір жолына тоқталып өтті.

Абай музейінде «Өнегелі өмір өрнектері» кітабының тұаукесері өтті

Жиынға зиялы қауым өкілдері, еңбек ардагерлері, ғылыми қызметкерлер, жастар қатысты. Шежіреші, этнограф Молдабек Жанболатұлы, Кәрібай Сұлтанов, Совет Тоғызбаев, Нұржамал Бимурзаева сынды еңбек ардагерлері, құрметті азаматтар жылы лебіз, пікірлерін білдірді..

-«Ақылдастар» қоғамдық бірлестігі ел Тәуелсіздігін алған ұзақ жылдардан бері  Абай музейімен тығыз қарым-қатынас жасап келеді,-деді Абайдың мемлекеттік қорық-музейі директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары Мейрамгүл Қайрамбаева,-қоғам мүшелері ғылыми конференция, кездесулерге тұрақты түрде қатысады. Музейге арнайы экскурсиялар да ұйымдастырып, ақсақалдар мен қатар жастардың да дүниетанымын байытуда. Сағындық Бекқалиұлының осы кітабы оқырманды рухани байытатын бірден-бір тамаша шығарма. Ауылдағы еңбек адамдарының тыныс-тіршілігін кеңінен суреттеген.

Қоғамдық бірлестіктің төрағасы Сағындық Бейсенбаев  оқырманға жол тартқан «Өнегелі өмір өрнектері» атты жаңа туындысында облысымыздың абыз ақсақалдарының өнегелі өмір жолдары кеңінен суреттеледі. Автор қолындағы материалдарын бір жүйеге түсіріп, әр бөлімді басты арнаға тоғыстыра білген.

Раушан ҚАБЖАНҚЫЗЫ,

«Егемен ҚАЗАҚСТАН»

Семей