Әлем • 04 Ақпан, 2019

Әйгілі модель Алла Ильчуннің арғы тегі қазақ па?

838 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сән әлемін бағындырған атақты француз киім модельері Кристиан Диордың есімін білмейтін адам кемде-кем. Оның сүйікті моделі болған Алла есімі аңызға айналған париждік модельдердің бірі.

Әйгілі модель Алла Ильчуннің арғы тегі қазақ па?

Қазіргі таңда Алла Ильчунның түпкі тамыры қазақ екендігі мәлім болуда. Оның фотосуреттері жылдар бойы француздар мен шетел газеттері және заманауи жур­налдардың беттерінен түспейтін. Диор қайтыс бол­ған­нан кейін оны жас Ив Сен-Лоран де мойындаған еді. 

Жалпы алғанда Алланың модельдік жолы 20 жылға созылды. Оның экзотикалық келбеті көрер­мен­­дерді баурап, журналистердің назарын аударатын. Ал оның киген көйлектерін танымал актрисалар мен аристократия өкілдері сатып алатын. Алла Ильчунды «Шығыс інжуі», «Диордың сүйікті моделі» және модельерге халықаралық жетістік әкелген оның «музасы» деп атаған еді. Ал Christian Dior парфюмериясы әлемдегі сатылу көлемі бойынша төртінші орында тұр. 

4 ақпан күні Ұлттық академиялық кітапханада «Dior музасы. Алла Ильчунның тарихы» Сән әле­мін бағындырған тамыры қазақ бойжеткен» атты кітапт­ың тұсаукесері өтеді. Кітап авторы – «Франция­дағы қазақстандықтар қауымдастығының» негізін қалаушы Берлин Иришев.