Қазақстан • 04 Ақпан, 2019

Алдағы үш тәулікке арналған ауа райы болжамы

666 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алдағы үш тәулікте қатты аяз күтілуде деп хабарлайды Қазгидромет баспасөз қызметі.

Алдағы үш тәулікке арналған ауа райы болжамы

Қазақстанның басым бөлігінде қар, бұрқасын, күшті жел, ал оңтүстік облыстарда тұман және көктайғақ күтіледі. Бірақ, қардан кейін Қазақстанға арктикалық ауа массалары таралып, республиканың солтүстік, орталық және шығыс облыстарында 35-45°С аяз тудыратын болады. Оңтүстік облыстарда да күн суытады.  Мұнда ауа температурасы кей жерлерде минус 22-30°С дейін төмендейді.