Бокс • 05 Ақпан, 2019

Қазақстандық боксшы Сапарбай Айдаров кәсіби мансабын жеңіспен бастады

554 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сапарбай Айдаров кәсіби бокстағы алғашқы айқасында қарсыласын нокаутқа түсірді.

Қазақстандық боксшы Сапарбай Айдаров кәсіби мансабын жеңіспен бастады

Айдаровтың кәсіби рингтегі алғашқы қарсыласы 24 жастағы үндістандық Харш Пурохит (0-1) болды. Ол жекпе-жекті төртінші раундта техникалық нокаутпен аяқтады. Мұның алдында қазақстандықтың қарсыласы нокдаунға түскен еді. 

Сапарбай Айдаров 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстан чемпионы. Сондай-ақ, ол «Astana Arlans» клубының құрамында өнер көрсетті. Айдаров кәсіби мансабын екінші орта салмақта бастаған болатын.