Қазақстан • 05 Ақпан, 2019

Дэвис кубогы: теннистен Қазақстан құрамасы екінші себетте

446 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теннисшілердің биылғы жаңа форматтағы Дэвис кубогының финалдық сайыстары 18-24 қараша аралығында Испания астанасы Мадридте өтетіні белгілі.

Дэвис кубогы: теннистен Қазақстан құрамасы екінші себетте

Қазіргі кезде осы жарысқа жолдама алған барлық 18 команда белгілі. Қазақстан құрамасы екінші себетке түскен екен. Бұл топта бізден бөлек, Испания, Сербия, Австралия, Италия және Германия құрамалары бар. Бірінші себетті Франция,Хорватия, Аргентина, Бельгия, Ұлыбритания және АҚШ командалары құрап отыр. Ал Жапония,  Канада, Колумбия, Голландия, Ресей және Чили теннисшілері үшінші себетте.

Естеріңізге сала кетейік, жаңа ережеге сай бұл командалар үш-үштен алты топқа бөлініп, өзара күш сынасады. Әр топтың жеңімпаздары мен ең жақсы нәтиже көрсеткен тағы екі мемлекеттің өрендері ширек финалға жолдама алады. Олар екі жекелеген және бір жұптық сайыста мықтыны анықтайтын болады. Одан кейін - жартылай финал және ақтық сын.  

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»