«Сыбаға» бағдарламасы бойынша қаржыландыру жалғасын тауып жатыр

Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры «Сыбаға» бағдарламасы бойынша несиелеу өтініштерін қабылдауды жалғастырып жатыр. Қаңтар айында Қор жалпы сомасы 1,3 млрд. теңгеге 1,2 мың бас ірі қара мал мен 3,2 мың бас мал сатып алуға 42 несие берді.

Егемен Қазақстан
06.02.2019 421
2

Өткен жылы Ауыл шаруашылығы министрлігі мал шаруашылығының сапалық сипаттамаларын өсіру және жетілдіру, қазақстандық ет экспортын ұлғайтуды көздейтін Мал шаруашылығын дамыту бойынша салалық бағдарламасын әзірледі. Қаржы операторларының бірі - «Сыбаға» бағдарламасын іске асыратын «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ болып табылады.

Бағдарлама шарттарына сәйкес, несиелер асыл тұқымды ірі қара мал басы мен ұсақ мүйізді мал басын сатып алуға, негізгі құралдарды сатып алуға және айналымдық қаражатты толықтыруға беріледі. Яғни, малмен қатар, фермерлер машина-трактор паркін жаңартып, қажетті жабдықтарды, мал азығын сатып алуға мүмкіндік алады.

Осылайша, Мемлекет басшысының мал шаруашылығын жандандыру, еңбек өнімділігін арттыру және қайта өңдеу өнімдерінің экспорттық көлемін бес жыл ішінде 2,5 есеге арттыру міндеті орындалуда.

- Өткен жылы Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры 15,6 млрд. теңге көлемінде 679 өтінімді қаржыландырды, дейді «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ несие департаментінің директоры Геррард Бааль.  Бөлінген қаражат 23,8 мың бас асыл тұқымды ірі қара мен 75,4 мың бас ұсақ мал басын сатып алуға жұмсалды. Бүгінгі күні қазақстандық шаруашылықтарға шет елдерден 9,3 мың бас ірі қара мал жеткізілді.

Мысалы, Батыс Қазақстан облысында орналасқан «Арғымақ» шаруа қожалығы РФ Тамбов облысында 60 симментал тұқымды сиыр сатып алды. Бұған дейін шаруашылықта 100 жылқы және еділбай тұқымының 700-ге жуық қойы болған. Бірақ шаруашылық басшылары тиімді мал шаруашылығын кеңейтуге назар аударды. Жазға қарай алғашқы төл күтілуде.

Ақмола облысындағы «Ел-Хан» шаруа қожалығы Буланды ауданына 100 ангус сиырын әкелді. Олардың 60-ы, сондай-ақ жаңа «Беларус» маркалы тракторды сатып алу Қор арқылы қаржыландырылды. Айта кету керек, бұл мал «Терра» ЖШС-нен сатып алынған. Аталған мал бордақылау алаңы АҚШ-тан американдық ангустарды әкеліп, олардан сапалы жас төл алды. Және қазір асыл тұқымды малды жергілікті шаруашылықтарға сатуда. Шетелде мал басын сатып алған шаруашылықтар мемлекеттен субсидия алады әрбір сатып алынған мал басына 225 мың теңгеден, - дейді департамент директоры Г.Бааль.

Сонымен қатар, мемлекет пайыздық мөлшерлемені жылдық 14-тен 4 пайызға дейін төмендетеді. Мемлекет тарапынан қолдаудың тағы бір тетігі – шаруашылықтарға бұқаларды бордақылау алаңына тапсырған кезде тірі салмағының әр килограммына 200 теңгеден субсидия төленеді. «Сыбаға» бағдарламасының тағы бір маңызды ерекшелігі – кепілдікке несие қаржысына сатып алынатын ірі қара мал алынады (кепілдік сомасының 75%-на дейін).

Бүгінгі таңда Қор «Сыбаға» бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдауды жалғастырады. Несиелер 70 млн. теңгеге дейін көлемде беріледі, мерзімі - 15 жылға дейін, сыйақы мөлшерлемесі - жылдық 4% (субсидиялауды есептегенде), жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі - 4,1%-дан бастап.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

26.03.2019

Қостанайдың аудандары мен қалаларында елорданың жаңа атына орай акция өтті

26.03.2019

Қостанай облысында полицейлер азаматтық алып берді

26.03.2019

Сенат Төрағасы Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі Төрағасымен телефон арқылы сөйлесті

26.03.2019

Мамандар Қаламқастағы апат зардабын өрт ауыздықталған соң анықтамақ

26.03.2019

«Қаламқас» кен орнындағы жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды

26.03.2019

Сыртқы істер министрінің орынбасары тағайындалды

26.03.2019

Мен кешегі шалдарды түгел көрдім

26.03.2019

Қазақстан мен Вьетнам арасындағы өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы заң жобасы қаралды

26.03.2019

Сенат комитетінде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралызаң жобалары қаралды

26.03.2019

Ақтамберді жыраудың басына кесене орнатыла ма?

26.03.2019

Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті

26.03.2019

Ержан Жылқыбаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды

26.03.2019

Алмат Мадалиев Әділет вице-министрі қызметіне тағайындалды

26.03.2019

#NurOtanTrends пікірталас алаңының кезекті отырысы өтті

26.03.2019

Францияның Бас Консулдығы «Франция мәдениеті» байқауын ұйымдастырды

26.03.2019

Алматыда алғашқы «Қыз Жібек аруы» байқауы өтті

26.03.2019

Академик Асқар Жұмаділдаев жасырған есебін шығарған СДУ студентіне 100 доллар сыйақы берді

26.03.2019

Байқау жеңімпаздары оңтүстікті аралайды

26.03.2019

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Алматы қаласына барды

26.03.2019

Нұр-Сұлтан – Токио бағытында рейс ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу