Қостанайлықтар «Үйлену» қойылымын тамашалады

Егемен Қазақстан
07.02.2019 3414
2

Гогольдің көрерменін күлкіге көміп, күлдіре отырып «күйдіретін» «Үйленуін» таныстырып жату артық. Қоғамның келбетін әжуамен әшкерелеген шығарманың құдыреті – қанша рет қойылса да, халықты жалықтырған емес. Оның себебі, туынды нысанаға алған тақырыптың маңыздылығында.

Баршаны ынтық еткен осынау спектакльді І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры да сахналады. Режиссері - театрдың көркемдік жетекшісі Әлия Баймахан. Таныс та бейтаныс «Үйлену» қостанайлық өнерпаздардың сомдауында мүлдем жаңаша қырынан жарқырайды. «Гоголь шығармасы арқылы ұжым кәсіби тұрғыда жоғарылағанын көрсетті. Тыңнан түрен салған. Облыс театры танымастай өзгерген, биіктей түскен» дейді қойылымды тамашалағандар.

Көрерменнің ыстық ықыласына бөленген «Үйлену» кезектен тыс ел назарына ұсынылды. Себебі, қойылымда ойнайтын қос бірдей өнерпаздың туған күні. Фарс жанрында сахналанған шығармаға халық көп жиналды. Көпес қызы Агафья Тихоновнаның айналасында өрбитін қилы-қилы тағдыр, түрлі-түрлі оқиғаны көрсету арқылы ой салған туынды бір жарым сағат бойы езу жидырмады.

Кеш соңында Қостанай облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов туған күн иелері - Жібек Үсенова (Дуняша) мен Төленді Әлғожиндерді (Кочкарев) құттықтап, өнердегі сапарына сәттілік тіледі.

«Елбасы биыл Жастар жылын жариялады. Қостанай театрында жаңашыл буынның өсіп келе жатқаны қуантады. Өнерлі жастарды әрқашанда қолдауға әзірміз. Олардың мүмкіндіктерін ашуға барынша жағдай жасалады. Гоголь шығармасының Тобылда қойылуы - өңірдің мәдени өміріндегі елеулі оқиға» деп атап өтті Ерлан Болатұлы.

«Үйлену» театр репертуарда тұрақты түрде көрсетіледі. Туындының айтары қай заманда да маңызды. Жар таңдауда қателеспей, отбасы құрып, сәби сүю - өмірдің басты мәні. Осынау басты құндылықты байлық, мапсап, қызметпен шатастырғандарды шенейді. Ал Қостанай театрындағы қойылымның сахналануы, режиссерлік шешімі, әртістердің шеберлігі өз алдына бөлек әңгіме.

Қысқасы, әйгілі шығарманы көру керек, ол үшін театрға бару керек.

Сондай-ақ, театрдың жаңа қызметкері көпшілік алдында таныстырылды. Ол - әдебиет бөлімінің меңгерушісі Абылай Мауданов. Айта кету керек, оның «Әбдіғапар» тарихи драмасы таяуда «Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен өткен «Ұлы дала» республикалық шығармашылық конкурсында «Драматургия, көркем фильм мен телесериал сценарийі» номинациясы бойынша жүлделі ІІІ орынды жеңіп алған болатын.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

26.03.2019

Қостанайдың аудандары мен қалаларында елорданың жаңа атына орай акция өтті

26.03.2019

Қостанай облысында полицейлер азаматтық алып берді

26.03.2019

Сенат Төрағасы Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі Төрағасымен телефон арқылы сөйлесті

26.03.2019

Мамандар Қаламқастағы апат зардабын өрт ауыздықталған соң анықтамақ

26.03.2019

«Қаламқас» кен орнындағы жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды

26.03.2019

Сыртқы істер министрінің орынбасары тағайындалды

26.03.2019

Мен кешегі шалдарды түгел көрдім

26.03.2019

Қазақстан мен Вьетнам арасындағы өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы заң жобасы қаралды

26.03.2019

Сенат комитетінде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралызаң жобалары қаралды

26.03.2019

Ақтамберді жыраудың басына кесене орнатыла ма?

26.03.2019

Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті

26.03.2019

Ержан Жылқыбаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды

26.03.2019

Алмат Мадалиев Әділет вице-министрі қызметіне тағайындалды

26.03.2019

#NurOtanTrends пікірталас алаңының кезекті отырысы өтті

26.03.2019

Францияның Бас Консулдығы «Франция мәдениеті» байқауын ұйымдастырды

26.03.2019

Алматыда алғашқы «Қыз Жібек аруы» байқауы өтті

26.03.2019

Академик Асқар Жұмаділдаев жасырған есебін шығарған СДУ студентіне 100 доллар сыйақы берді

26.03.2019

Байқау жеңімпаздары оңтүстікті аралайды

26.03.2019

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Алматы қаласына барды

26.03.2019

Нұр-Сұлтан – Токио бағытында рейс ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу