Бокс • 07 Ақпан, 2019

Венгрияда боксшыларымыз табысты өнер көрсетіп жатыр

409 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері Венгрияның Дебрецен қаласында бокстан Иштван Боскай турнирі өтуде. Осы жарысқа қатысып жатқан Қазақстанның сегіз боксшысының тек біреуі ғана ширек финалға дейін жете алмады. 

Венгрияда боксшыларымыз табысты өнер көрсетіп жатыр

Өкінішке қарай, аса ауыр салмақта күш сынасқан Нұрлан Сапарбай өзінің тұсаукескер кездесуінде хорватиялық Мирко Милунға ұтылып қалды. Ал қалған бәсекелердің нәтижелері мынадай: 

52 кило: Сәкен Бибосынов – Федерико Эмилио Серра (Италия) 5:0

56 кило: Оразбек Асылқұлов – Боршош Тамаш (Венгрия) 4:1

60 кило: Серік Теміржанов – Алексей Козелок (Украина) 4:1

69 кило: Ермахан Жәкпеков – Аттила Ванчзку (Венгрия) 5:0

75 кило: Тұрсынбай Құлахмет – Льюис Ричардсон (Англия) 5:0

81 кило: Михаил Коханчик – Мигель Куадрадо (Испания) 4:1

Ал 64 кило салмақ дәрежесінде күш сынасқан Сабыржан Бекбергенов жекпе-жекке шықпай-ақ келесі айналымға өтті. Ширек финалдық бәсекеде біздің жігіттер мына боксшылармен шеберлік байқасады:

Сәкен Бибосынов – Нонтасит Печнамтонг (Таиланд)

Оразбек Асылқұлов - Яодам Аммарит (Таиланд)

Серік Теміржанов – Шахриер Ахмедов (Ресей)

Сабыржан Бекбергенов – Дмитрий Галагот (Молдова)

Ермахан Жәкпеков – Клинсон Киттисак (Таиланд)

Тұрсынбай Құлахмет – Вадим Туков (Ресей)

Михаил Коханчик – Данило Жсан (Украина)

Естеріңізге сала кетейік, былтыр өткен осы турнирде Қазақстан құрамасы 3 алтын, 1 күміс және 1 қола медальді иеленіп, командалық есепте бірінші орын алған болатын.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»