Бизнес • 08 Ақпан, 2019

Тимур Сүлейменов: ЕАЭО елдері Қазақстанға инвестицияны арттырды

412 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен жылы 11 айда Қазақстанның ЕАЭО елдерімен тауар айналымы 17,1 млрд АҚШ долларына жетті. Бұл туралы Сенатта ЕАЭО-дағы Қазақстанның сауда саясатын іске асыру мәселелері туралы Үкімет сағатында  Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді.

Тимур Сүлейменов: ЕАЭО елдері Қазақстанға инвестицияны арттырды

«Қазақстан бес жыл бойы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып келеді. Тауарлардың еркін қозғалысы туралы негізгі уағдаластықтарды жүзеге асыру ЕАЭО елдері өзара саудасының оң нәтижелерін көрсетуде. Атап айтқанда, 2018 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қазақстанның ЕАЭО елдерімен тауар айналымы 6,2 пайызға ұлғайып, 17,1 млрд АҚШ долларын құрады» деді министр.

Т. Сүлейменовтің сөзіне қарағанда, аталған мерзімде экспорт 10 пайызға өсіп, 5,3 млрд долларға, ал импорт 4,6 пайызға ұлғайып, 11,8 млрд долларға жетті.  

«ЕАЭО елдерімен инвестициялар ағыны да өсуде. 2018 жылғы үш тоқсандағы қорытынды бойынша ЕАЭО елдерінен инвестициялар 31 пайызға, яғни 1,2 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайды» деді Ұлттық экономика министрі.