Теннис • 08 Ақпан, 2019

Федерация кубогі: Қазақстан А тобының жеңімпазы атанды

367 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада теннистен Федерация кубогі додасы жалғасуда. Қазақстан әйелдер командасы Үндістаннан басым түсіп, Азия/Океания аймағындағы А тобында жеңіске жетті деп хабарлайды Olympic.kz. 

Федерация кубогі: Қазақстан А тобының жеңімпазы атанды

Кортқа бірінші болып шыққан Зарина Дияс үндістандық Карман Каур Тхандиді 2:0 есебімен жеңді. 

Юлия Путинцева екі сет қорытындысы бойынша Анкита Райнаны жеңіп, Қазақстан командасы өз тобында жеңіске жетті. 

Енді біздің теннисшілеріміз В тобында үздік шыққан командамен ІІ Әлемдік топтың плей-офф жолдамасына таласады.