Қазақстан • 08 Ақпан, 2019

Еркін күрестен алғашқы финалистер анықталды

455 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласында өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында бүгін еркін күрес шеберлері боз кілемге шығып, бес салмақ дәрежесі бойынша жүлделі орындар үшін таласатын балуандар анықталды. 

Еркін күрестен алғашқы финалистер анықталды

55 кило салмақ дәрежесінің бас жүлдесін Ақбар Құрбанов пен Мейрамбек Қартбай өзара сарапқа салады.

61 кило салмақтың алтын медалі үшін жас дарын Бауыржан Төребек пен Азия чемпионы Расул Қалиев айқасады.

74 кило салмақтағы шешуші бәсеке Данияр Қайсанов пен Нұрлан Бекжанов арасында өтеді. Екеуі де бірқатар аса ірі халықаралық жарыстарда жүлде алған сақа спортшылар.

79 кило салмақтың финалында Шәміл Мұртазов пен Ғалымжан Өсербаев күш сынасты.

97 кило салмақ дәрежесінің теңдессізі Әлішер Ерғали мен Бақдәулет Әлментай арасындағы тартыста анықталады.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»