Барлығына мәлім, жоғары деңгейдегі саяси байланыстар мен табысты сауда-экономикалық ынтымақтастыққа қоса, Қазақстан мен Венгрия ұзақ уақыт бойы туыстық тамырлармен байланған. Мажарлардың өздері қыпшақ-түрік негізінен шықандығын мәлімдейді.
Екі ел арасында тығыз тарихи байланыстар бар, өйткені қазіргі заманғы орталық-шығыс Венгрия аумағында ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Торғай даласынан қоныс аударған қыпшақ тайпаларының ұрпақтары өмір сүреді.
Венгрия Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінде және Түркі Академиясында бақылаушы мәртебесіне ие болып, олардың қызметіне үлкен қызығушылық танытуда.
Қазақстан делегациясы Венгрияда өтетін жыл сайынғы «Мадьяр-Тұран» құрылтайына қатысады. Бұл іс-шараға бүкіл әлемнің түркі халықтарының өкілдері келіп, киіз үйлер қойылып, түрлі байқаулар мен көшпенділер ойындары ұйымдстырылады.
Будапештте Астананың көшесі бар, онда Абай Құнанбаевтың мүсіні орнатылған. Венгрияның жастары Сегед ғылыми университетінде қазақ тілін тереңдетіп оқуда.
Бұл Қазақстанның Венгриядағы Елшісі Нұрбах Рүстемовтың Сыртқы істер министрлігінде өткен қазақстандық БАҚ өкілдері үшін брифингінде сөйлеген сөзінің тезистерінің бірі болды.
Қазақстанда демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 08:38
Мектеп оқушысы теракт жасаймын деп хабар таратқан
Аймақтар • Бүгін, 00:27
Ұлттық ғарыш орталығында болды
Саясат • Бүгін, 00:25
Саясат • Бүгін, 00:15
Қарым-қатынастың алтын арқауы – еншісі бөлінбеген бауырластық
Саясат • Бүгін, 00:05
Аймақтар • Кеше