Қазақстан • 09 Ақпан, 2019

Еліміздің 5 қаласында ауа сапасы нашарлайды

503 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

9 ақпан, сенбі күні Қазақстан қалаларының басым бөлігінде жағымды метеорологиялық жағдай қалыптасады. Бұл туралы ҚазАқпарат ХАА хабарлады.

Еліміздің 5 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Синоптиктердің мәліметінше, Астанада, Шымкент, Қарағанды, Балқаш және Теміртау қалаларында ауа сапасының нашарлайтыны болжанды. Еліміздің басқа қалаларында атмосфераның ластануы күтілмейді. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал. Ластаушы деңгейдің қалыптасуын анықтайтын маңызды фаторлардың бірі - синоптикалық жағдайдың болжамы (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы).