Дала жусанына құмар дарабоз

«Ұлы дала ұрпағы тартар асыл тегіне, жұпарын аңсап жусанның оралар түбі жеріне» деген бабалардан жеткен тәмсіл қандай мағыналы десеңізші?!

Егемен Қазақстан
09.02.2019 2183
2

Бейбарыстың өр рухын ғылымда жалғастырған сондай бір қайсар тұлға –белгілі түрколог, үлкен жүректі азамат, күрескерлік саналы ғұмырын мажар мен күллі түркі халықтарының ынтымақтастығы жолында бағыштаған біртуар қайраткер Мандоки Қоңыр. Тұлпар тұлғаның туғанына, міне, биыл жетпіс бес жыл толып отыр.

Қоңыр Асанқайғы атамыз секілді түмен түркілер мекен еткен Алтайдан Анадолыға, Балатоннан Байқалға, Кавказдан Қаратауға дейінгі алқапты аралаған жиһанкез ғалым еді. Ол ғылыми жұмыспен Қап тауында жүргенде күтпеген жерден қапияда қаза болып, өмірінің түйіні Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген шақпен тұстас келіп, өз өсиеті бойынша қазақ топырағында, Алматы іргесіндегі Кеңсай зиратында мәңгілік тыным тапқан еді. Түгел түркі халықтарының достығы мен бауырластығы жолында өмір сүрген оның аманаты мен мирасы бүгіндері бауырлас елдердің арасын жалғайтын алтын арқауға айналды.

Сол себептен де Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Қоңыр екі халықтың арасындағы ұлы тарихи қандастықты жан-жақты дәлелдеп қана қоймай, ел мен елдің бірлігі, ортақ мәдениеттің гүлденуі, өзара қатынастардың кемелденуі жолында аянбай еңбек еткенін қазақ халқы мақтанышпен жадында сақтайды, үлгі-өнеге тұтады»,– деп ғалымның ғибратты ғұмырына баға берген болатын.

Мандоки Қоңыр Иштван 1944 жылы Мажарстандағы екі үлкен өзен – Дунай мен Тиса арасындағы Карцаг қаласында жер иесі Мандоки Шандор отбасында дүниеге келген. Мандоки әулеті ел арасында үлкен беделге ие, Қоңырдың атасы қала әкімі болған, дәулетті тұқым, әрі ақсүйектер арасында ата дәстүрді бекем ұстауымен даңқты әулет еді. Отбасының кенжесі Қоңырдың балалық шағы Мажарстандағы “шаш ал десе бас алған” коммунистік режимнің жазалау науқаны шырқау шегіне жеткен зобалаңды тұсына дөп келуі оны көп қиындықтарға бетпе-бет алып келеді.

Мандокидың орта мектепте оқып жүрген кезінен-ақ түркі халықтарының тарихы мен тіліне деген қызығушылығы басталады. Ол он төрт жасынан түркітану мен мажардың көне мәдениетін зерттеуші, сол кезде әлемге атағы мәлім жерлесі Немет Дьюлаға хат жолдап, ақыл-кеңесін естиді, бағыт-бағдар ала бастайды.

Жерлесі, атақты шығыстанушы Немет Дьюла профессордың партиялық кепілдемесінің шапағатымен Өтвөш Лоранд атындағы Будапешт мемлекеттік университетіне 1963 жылы қабылданады. Қоңыр университетте оқып жүрген кезінен бастап Еуропадағы түркі этникалық топтарының ортасында ғылыми экспедициямен жиі болып, олардан тілдік, фольклорлық және этнографиялық деректер жинақтайды. Атап айтсақ, осындай мақсатпен Польшадағы қарайымдар, Бұлғариядағы түріктер және Румыниядағы Добружа татарлары арасында әлденеше мәрте болады. 1970 жылы “Добружа татарларының тілдік зерттеулері” тақырыбында университет докторы жұмысын қорғап шығады.

Осылайша Еуропадағы түркі шоғыры ортасынан басталған зерттеу сапары ендігі кезекте Анадолыға, онан әрі ежелгі түріктің атақонысы Еділ, Жайық, Ертіс, Орхон өзені бойына дейін жалғасты. Әсіресе, 1974 жылдардан әлденеше рет Моңғолияға жолы түсіп, ондағы көне түркі ескерткіштері мен қазақ, тыва шоғырының арасында болып фольклорлық, этнографиялық деректер жинауы оны осы өлкеге жыл сайын келуіне мәжбүр етті. Ғалымның әсіресе Моңғолия қазақтарынан жинап алған жұмбақтарын сөз өнерінің сирек кездесетін інжу-маржаны десек болады. Бұл жұмбақтар шәкірті Б.Қинаятұлы тарапынан «Жұлдыз» журналына жарияланып, ғылыми айналымға түскен еді.

1977 жылдан бастап Қоңырға Орта Азиядағы түркі мемлекеттерін аралаудың сәті түсті. Ендігі кезекте Қазақстан мен Қырғызстанға жыл сайын келуді дәстүрге айналдырды.

Қоңырдың Қырғызстанға алғаш келуі зиялы қауымға ғажап әсер етті. Қоңырды алғаш көрген сәтім әлі есімнен кетпейді. Ол орта бойлы, шырайлы, қас-кірпігі қою, өзіне құп жарасқан қалың мұртты, еуропалықтарга көп ұқсамаған, ширақ денелі, қырықтар шамасындағы жігіт екен. Қазақша-қырғызша еркін сөйлейді. Ол уақытта орысша сөйлемеген қырғызды білімсіз, мәдениетсіз деп санайтын. Фрунзелік қырғыздардың көбі орысша сөйлейді. Ал мына қонақ Қоңыр тек қана қырғызша сөйлейді, ара-кідік қазақ сөзін араластырғаны болмаса, фрунзелік қырғыздардан тілі әлдеқайда таза. Жәмила ханым екеуміз ішімізден таңданып, қайран қалдық. Осылайша ол Қоңыр аға деген ардақты есімге ие болды, бүгінге дейін ол ағалықтың үлгісі секілді болады да тұрады.

Шекарадан визасы жоқ болғандықтан Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы, әйгілі ақын Олжас Сүлейменовтың көмегінің арқасында асып, оның қызметтік көлігімен біздің үйге келді. Ертеңінде өз тілегі бойынша оны Шыңғыс Айтматов ағамызға кездестірдік. Алып ағамыз оны үш қайтара құшақтап амандасып, кабинетіне енгізіп, екеуі арқа-жарқа екі сағаттай әңгімелесті. Екі тұлғаның сондағы айтылған мағыналы да мазмұнды әңгімелерін, сыр сұхбаттарын диктофонға жазып алмағаныма әлі де бармағымды тістеп өкінем.

Шыңғыс аға Қоңырдың тап-таза қырғызша сөйлегеніне таңырқап «Қоңыр мырза, қырғызшаны қайдан білесіз?» ,– деп, сұрағаны есімде. Ол “Мажарстанда кыпшақтар қоныстанған аймақты Қарсақ деп атайды. Менің кіндік қаным сонда тамған. Біздің ауылға таяу Кеңес армиясының әскерлері қызмет өтейді. Бір жылы Қырғызстаннан екі әскер келіп, қызмет өтеді. Мен осы бауырларыма сөйлесіп, тіл сындыра бастадым. Содан олар Сіздің шығармаларыңызды берді. Сөйтіп тілді сіздің кейіпкерлеріңіз Жәмила, Данияр, Ысмайылдардан үйрендім», дегенде Шықаң мәз-мейрам болып күлді.

Қоңыр Мандоки шын мәнінде кезкелген түркі елдеріне барғанда олардың тұғырлы тұлғаларымен үзеңгі қағысып, иық тірестіріп сөйлесе алатын терең интеллект иесі еді. Оған ғалымның михнатты ізденістері мен осы халықтарға деген құрметі мүмкіндік берген деп айта аламыз.

Ғалымның Өзбекстан, Түркменстанда өткізген этнографиялық экспедициясы өзінің ғылыми мұратын жүзеге асыруға септігін тигізді. Сонымен бірге Кавказ бен Қара теңіз аймағында қарашай, ноғай, қырым татарлары, құмықтар ортасында жүргізген зерттеу экспедициясы олжалы болды. Бұл дәстүрін кейінгі 1980-жылдардың ортасында Башқұртстан бен Татарстанда жалғастырды.

Еңбекқор ғалымның өз табанымен, өз жүрек қалауымен қазыналы халықтардың бел ортасында төл баласындай аралап емін-еркін жүруі оның ғылыми қадамын қарыштатып, еңбегін еселей түсті.

Әрине, Қоңыр Мандоки – тақыр жерден өнген бәйтерек емес, ол әлемдік деңгейде дамыған Мажар түркологиясының бесігінде тербеліп өсіп, алдыңғы буын алыптардың ізін жалғастырған маман.

Айталық, ХІХ ғасырдан Көрөши Чома, Вамбери Армин, граф Сеченилер, Алмаши, Хунфалви, Принц қатарлы мажар ғалымдарының Орта Азияға сапарлары түріктануға жаңа парақ ашқан оқиғалар деуге болады.

Әсіресе 1867 жылы Будапешт университетінде құрылған «Алтай тілдері кафедрасы» мен саяхатшы Вамбери негізін қалаған мажардағы түркология бағдарламасы әлемдегі алғашқылардың бірі болуының сыры терең.

Әлемдік түркологияда В.Радловтан кейінгі классикалық тұлға дәрежесіне көтерілген Немет Дьюланың таңдамалы еңбектерінің, әсіресе, мадиярлар мен ежелгі және ортағасырлық түркілер тарихи, мәдени ауыс-түйістері туралы жазған жұмыстарының ғылыми құндылығы орасан.

«Су сүзілмейді, сүйек үзілмейді», «тоқсан екі баулы қыпшақ аспандағы жұлдыздан да көп», «тау мен тау кездеспейді, адам мен адам кездеседі» дегенді бабалар тегін айтпаған. Қазақ пен мажарлардың тамырластығы туралы мәселені сонау 1964-1965 жылы венгр антропологы Тот Тибор қозғағанын ғылыми қауым біледі. Қызыл коммунизм құрсауынан қаймықпай Тот Тибор Алматыда, Торғайда болып, генетикалық зерттеу жасауға талап қылғаны, бұл зерттеу кеңестік жүйенің кедергісінен жүзеге аспай қалғаны анық.

Алдыңғы буын алыптардың осынау көш керуенін пәрменді жалғап, соңына терең мирас пен өсиет қалдырған тау тұлға – Иштван Мандоки Қоңыр болғаны дау тудырмайды.

Қазақ елінде боз даласын аңсап боздап келген нар азаматтың аты ерекше ілтипат пен мәртебеге ие. Бүгіндері Алматыда Қоңыр атында мектеп пен көше бар. Ғалымның мерейтойлары әрдайым түркі елдерінде жоғары деңгейде аталып келеді.

Бұдан бес жыл бұрын елордада Иштван Мандоки Қоңырдың 70 жылдық мерейтойына орай Халықаралық Түркі Академиясының ұйымдастыруымен «Мандоки Қоңыр Иштван мұрасы: Ұлы далада ұрпақтар үндестігі» атты халықаралық форум өткені белгілі. Бұл жиынға бауырлас сегіз елдің белгілі ғалымдары, халықаралық ұйым өкілдері және марқұмның жары Оңайша Мақсұмқызы мен ұлы Атлан қатысқан еді. Жиын аясында Мандоки Қоңыр Иштванның 16 мың кітабынан тұратын бай рухани мұрасы Халықаралық Түркі академиясына салтанатты түрде тапсырылып, оның атында кітапхана ашылған болатын. Осы салтанатты жиында қазақтың қабырғалы қаламгері, классик жазушы Әбіш Кекілбаев Қоңыр бауыры туралы тебірене сөйлегені ел есінде. Мандоки Қоңыр Иштванның есімі ұлықталып, мұрасын түгендеп, қоңыртану саласында еңбектеніп жүрген бір топ азамат сол алқалы жиында Мандоки медалімен марапатталған да болатын. «Жақсыдан шарапат» дегендей осы ғибратты оқиғамен сабақтасып Мажарстан Ғылым академиясымен байланыстар ұлғая түсті, өткен жылы Венгрия республикасы Халықаралық Түркі академиясына бақылаушы болу мәртебесіне ие болды. Мұның барлығы – Иштван Қоңыр Мандоки арманымен үндескен терең символикалық мәнге ие тағылымды істер.

Әлбетте, Мажарлар үшін шығыс атам заманнан жағырапиялық түсінік емес, тарихи-рухани шұғылалы-шұрайлы кеңістік деуге болады. Соңғы кездерде қарқын алған Мажарстан зиялылары мен Қоңырдың бір топ шәкірттері түркі елдерімен тізе қосып ұйымдастырған «Мажар-Тұран құрылтайы», сондай-ақ «Аттиладан Алтын адамға дейін» салт атпен жортатын шабандоздардың этносоқпағы ХХІ ғасырдағы кереметтердің біріне саналады. Қоңырдың шәкірт іні-қарындастары Андраш Биро, Дәуіт Қара Шомфай, Фирдаус Хисамитдинова, Сейсенбай Құдасов, Бабағұмар Қинаят, Раушангүл Мұқышева секілді көптеген қаламдастар ғылымның әр саласында арғымақ ағаның ақжолтай жолын жалғастырып келеді.

Таулар алыстаған сайын асқақтай береді. Бұл – тау тұлғалы заңғар адамдарға да тән құбылыс. Қоңырдың өшпес сүрлеуі бүгіндері бауырлас халықтарды жалғайтын алтын арқауға айналды.

Қадырәлі Қоңқобаев,

филология ғылымдарының докторы, профессор

Ақеділ Тойшанұлы,

фольклортанушы ғалым

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

26.03.2019

Қостанайдың аудандары мен қалаларында елорданың жаңа атына орай акция өтті

26.03.2019

Қостанай облысында полицейлер азаматтық алып берді

26.03.2019

Сенат Төрағасы Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі Төрағасымен телефон арқылы сөйлесті

26.03.2019

Мамандар Қаламқастағы апат зардабын өрт ауыздықталған соң анықтамақ

26.03.2019

«Қаламқас» кен орнындағы жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды

26.03.2019

Сыртқы істер министрінің орынбасары тағайындалды

26.03.2019

Мен кешегі шалдарды түгел көрдім

26.03.2019

Қазақстан мен Вьетнам арасындағы өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы заң жобасы қаралды

26.03.2019

Сенат комитетінде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралызаң жобалары қаралды

26.03.2019

Ақтамберді жыраудың басына кесене орнатыла ма?

26.03.2019

Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті

26.03.2019

Ержан Жылқыбаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды

26.03.2019

Алмат Мадалиев Әділет вице-министрі қызметіне тағайындалды

26.03.2019

#NurOtanTrends пікірталас алаңының кезекті отырысы өтті

26.03.2019

Францияның Бас Консулдығы «Франция мәдениеті» байқауын ұйымдастырды

26.03.2019

Алматыда алғашқы «Қыз Жібек аруы» байқауы өтті

26.03.2019

Академик Асқар Жұмаділдаев жасырған есебін шығарған СДУ студентіне 100 доллар сыйақы берді

26.03.2019

Байқау жеңімпаздары оңтүстікті аралайды

26.03.2019

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Алматы қаласына барды

26.03.2019

Нұр-Сұлтан – Токио бағытында рейс ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу