Спорт • 11 Ақпан, 2019

Олжас Сүлейменов ең үздік волейболшы атанды

712 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевты еске алуға арналған волейболдан X халықаралық турнир өтті. Үш күнге созылған дүбірлі додада Астана, Алматы, Тараз, Өскемен, Шымкент, Ақтау қалаларынан және Өзбекстан елінен келген ардагер спортшылар сайысқа түсті.

Олжас Сүлейменов ең үздік волейболшы атанды

Жарыстың ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімінің бірінші орынбасары, облыстық волейбол федерациясының президенті Серік Шапкенов аймақта бұқаралық спортты дамыту жұмыстары жақсы жолға қойылғанын атап өтті. Шапшаңдық пен дәлдікті талап ететін спорт түріне ардагерлердің қызығушылық танытуы жастарға үлгі боларлықтай.

Сайыс қортындысында алматылық «Казнау-Буревестник» құрама командасы жеңімпаз болып танылды. Ақтау қаласының «Маңғыстау» командасы мен Тараздан келген «Ардагер» командасы жүлделі орындарды еншіледі. Ал тартысты жарыстың көркін қыздырған ақын, Қазақстанның Еңбек Ері Олжас Сүлейменов турнирдің ең үздік ойыншысы атанды. Жайық жағасындағы жарыста шебер өнер көрсете білген халық жазушысы көпшіліктің қошеметіне ие болды.

Бақытгүл БАБАШ,

«Егемен Қазақстан»

АТЫРАУ