Алматыда «Ұлы дала және Мандоки мирасы» атты халықаралық конференция өтті

Ол қазақ даласының ежелгі өркениеті мен мәдениетіне айрықша ғашық болыпты. Содан болар өмірінің соңғы сәтінде әкесі: «Балам, біздің түбіміз қыпшақ. Сен қазақ тілін үйрен, тұтас түркі әлемінің мәдениетін игер» деп өсиет қалдырыпты. 

Егемен Қазақстан
11.02.2019 9422
2

Әке аманатына адалдық танытып, тарихқа тамыр жайған ұлы дала мұрасын зерттеуді мұрат тұтқан ол саналы ғұмырын түбі бір түркі әлемін тоғыстыруға сарп етті. Өткен шақтың парағын аударсақ, елуге толар-толмас шағында дүниеден озған белгілі түрколог, қыпшақтанушы ғалым Иштван Қоңыр Мандокиды қазақ халқымен байланыстыратын құндылықтарды көптеп кездестіреміз. Айтулы ғалымның 75 жылдығына орай Халықаралық Түркі академиясының ұйытқы болуымен Алматы төрінде екі күнге жалғасқан халықаралық конференцияда Мандокидың ғылымдағы дара жолы, азаматтық қыры кеңінен айтылды.

Алыс-жақын шет мемлекеттерден келген дипломаттар мен қоғам қайраткерлерінің, ғалымдар мен зиялы қауым өкілдерінің басын қосқан ғылыми конференцияның тақырыбы да өзгеше. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласында айтылған бастамаларды жүзеге асыру аясында қолға алынған игі шара «Ұлы дала және Мандоки мирасы» деп аталған.

Сөз басында тілге тиек еткеніміздей, бірнеше халықтың тілін ғана емес, мәдениеті мен дәстүрін жетік меңгерген Мандокидың ізденістерге толы айшықты ізі қазақ даласында да сайрап жатыр. Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Алтайдан Анадолыға, Балатоннан Байқалға, Кавказдан Қаратауға дейінгі алқапты шарлап жүріп артына телегей-теңіз тағылым қалдырған Мандоки мұрасы – Ұлы дала мәдениетімен астасып, сабақтасып жатқанын айтады. Академия жыл сайын ғалымның туған күнінде оны еске алу шараларын үзбей ұйымдастырып келеді. Соның бірі осыдан бес жыл бұрын елорда төрінде ғалымның 70 жылдық мерейтойына орай «Мандоки Қоңыр Иштван мұрасы: Ұлы далада ұрпақтар үндестігі» атты халықаралық деңгейдегі форум өтіп, осы шара аясында Мандокидың 16 мың кітаптан тұратын рухани мұрасы Түркі академиясына салтанатты түрде тапсырылып, оның атында кітапхана ашылған болатын. Ғалымның құнды еңбектерін әлем тілдеріне аударып, кітап етіп шығару ісінде де ауқымды жобалар қолға алынған. Академия басшысы бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табатынын жеткізді.

Былтыр Мажарстан Түркі Кеңесіне және Халықаралық Түркі академиясына бақылаушы мәртебеге ие болған еді. Конференцияға арнайы келген Венгрияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Андраш Барани осынау іргелі интеграциялық ұйымдар тілегі бір бауырлас халықтардың достығын нығайтуға сүбелі үлес қосып келе жатқанын айтады. Ал ұлы тұлғалардың мұрасын насихаттау зиялы қауым өкілдерін ортақ игі мақсаттарға жұмылдырмақ.

«Қоңыр ағамыздың атын айтсақ, оның түркітану ғылымының дамуына зор үлес қосқан зерттеулері ғана емес, сондай-ақ түркітілдес халықтардың біртұтастығын, олардың арасындағы байланыстардың нығаюын, мәдениеттерінің және тілдерінің еркін түрде дамуын армандайтын тұлғаның кейпі көз алдымызға келеді. Әсіресе, қазақ тілінің өркендеуіне ерекше мән берген Қоңыр Мандоки тек мажар мен қазақтың ғана емес, дүниежүзіндегі бүкіл түркі тілдес елдердің арасындағы бауырлық қарым-қатынастың символына айналды. Өмірден ерте қайтса да өзі армандаған қазақ елінің тәуелсіздігін көрді. Қазақстан сол тәуелсіздіктің арқасында Еуразия құрлығына, әлемге танымал, беделі жоғары елге айналды. Сондықтан, Халықаралық Түркі академиясының штаб-пәтері Ұлы даланың жүрегі – Астана қаласында орналасқаны кездейсоқ емес. Ал академия қабырғасынан Мандоки кітапханасы ашылғаннан кейін Түркі академиясын Мажарстанның бір бөлігі орналасқан жер деп санаймыз» деді Андраш Барани.

Мандокидың түркілер мен Мажарлар арасындағы тарихи байланыстарды індете зерттеуі, түркі халықтарының әдебиет, фольклор, поэзия үлгілерін мажар тіліне тәржімалаудағы қайталанбас қолтаңбасы, ол ұйымдастырған түрлі экспедициялардың тарих үшін құнды дерекке айналғаны тарихшылар тарапынан кеңінен баяндалды. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Зиябек Қабулдинов өз сөзінде Қоңыр Мандокидың басты ерекшелігі евроцентризм қамалын бұзып, Ұлы даланың тарихын ашық, таза, әділетті түрде жаза білуінде деп мәлімдеді. Бүкіл өмірін мажарлар мен қыпшақтардың тарихын зерттеуге арнаған Мандокидың базалық білімі тарихшы болмаса да, осы бағытта орасан ой-идеялар қалдырғанын тілге тиек еткен ғалым, осы ретте бірқатар тың ұсыныстарды ортаға салды.

– Иштван Мандоки тіл маманы, түріктанушы, фольклоршы ғана емес, сонымен бірге хас тарихшы да болғанын ерекше атап айтуымыз керек. Әлем елдерінде, Еуропада, Венгрияда пәнаралық байланыс жақсы дамыған. Мәселен, лингвистер жақсы тарихшы бола алады, тарихшылар керемет фольклоршы да болады, фольклоршылар мықты тарихшы болуы да таңқаларлық жай емес. Ол өз еңбектерінде ІХ-Х ғасырларда қазақтардың ата-бабаларының бірі мажарлар Орал және Батыс Сібірден Венгрия жеріне қалай барғанын зерттейді. Немесе, ХІІІ ғасырдың басында онмыңдаған қыпшақтардың Венгрия жеріне қалай көшіп барғанын зерделейді.

Шынтуайтында ортағасырлық мамандар жетіспеушілігінен осы кезең тарихымызда тереңнен зерттелмегені баршамызға аян. Зерттейтін бағыттар өте көп. Соның бірі – Армениядағы қыпшақтардың тарихын зерттеу ісі. Осыны мықтап қолға алу қажет. 2009 жылы Арменияға жолымыз түскен еді. Сонда байқағаным қазақ-түркі топонимикасы, антропонимия көптеп кездеседі. «Қазақ» деген өзен бар, «Қыпшақ» деген ауылдарды кездестірдік. Сол маңайдағы армян тұрғындардың түрлері, тілі, салттары есімдері қазақтарға өте ұқсас келеді екен.

Сол сияқты Грузияға ХІ-ХІІІ ғасырларда қыпшақтардың онмыңдаған бірнеше толқыны барды. Олар көп ғасырлар бойы тарихын, тілін, дінін, салт-дәстүрлерін сақтап келеді. Грузия елін селжұқтардан қорғады. Мысалы 1121 жылғы 12 тамызда 300 мың селжұқ әскеріне грузин – қыпшақ әскері тойтарыс берді. Дидгории деген жерде 60 мыңдай ғана біріккен әскер соғысқан, соның 45000 – қыпшақтар еді. Грузиндер кейіннен ескерткіш қойды. Сондай-ақ Грузия патшасы Давид IV-нің 5 мыңға жуық оққағарлары да қыпшақтардан болған.

Осындай тарихи оқиғаларды зерттейтін жаңа буын зерттеушілерді өсіруіміз керек. 16-17 ғасырларда Армения жақтан батыс Украинаға бір топ қыпшақтар көшіп барған. Украиндардың бізге жақын болғандығы да осы көшке байланысты деп ойлаймын. Украин тілінде көптеген тюркизмдер кездеседі. Ресейдің Омбы облысында «Русская Поляна», «Нововаршавка» деген аудандар бар. Осы аудандарда қыпшақтар тұрады. Солардың арасында мажарлар да бар. ДНК-ы зерттегенде Венгрияның мажарларымен Омбы мадьярлары туыс екені дәлелденген. Осыны ғылыми тұрғыда зерттеу керек. Иштван Мандоки ағамыз ортағасырлық мадьяр-қыпшақтардың тарихын бұдан да терең зерттеуді армандап кетті, – дейді Зиябек Қабулдинов.

Алқалы жиында Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті, академик Өмірзақ Айтбайұлы, Халықаралық Түркі академиясының аға сарапшысы Қадыралы Қоңқабаев, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбек және тағы да басқа зиялы қауым өкілдері Қоңыр Мандокидың ғибратты ғұмырынан сыр шертетін жылы естеліктерімен бөлісті.

РФ ҒА Уфа ғылыми орталығы Тарих, тіл, әдебиет зерттеу институтының жетекшісі, профессор Фирдаус Хисамитдинова: «Мандокидың тарихтағы бейнесі жылдар өткен сайын тұлғалана береді. Асқақ рухы тұтас түркі халықтарын кезіп жүргендей әсерге қалдырады. Оның 30 томға арқау боларлық мұраларын түркі дүниесінің гүлденуі жолында пайдалануымыз керек» дейді.

«Қазақ халқы өзінің дара перзенті, қыпшақ ұлы Қоңырды ұмытпағанына мен өте қуаныштымын. Ол қазақ жұртын ерекше сүйді. Қазақтың бай әдеп-ғұрпын, тарихын, мәдениетін өте жетік білді. Соны сыйлағандықтан қазаққа ғашық болды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылған ойлар тура Қоңырдың арман-мұратымен ұршықтасып жатқандай көрінеді. Ол тірі болса қатты қуанар еді деп ойлаймын. Өйткені бұл түркі халықтары үшін мәңгілік тақырып» деп еске алды Қоңыр Мандокидың жары Оңайша Мақсұмқызы.

Конференция барысында түркі интеграциясының нығаюы мен түркология ғылымының дамуына сүбелі үлес қосқан бірқатар ғалымдар мен қайраткерлерге Халықаралық Түркі академиясының марапаттары табыс етілді. Дәлірек айтсақ, филология ғылымдарының докторы, профессор Телғожа Жанұзақовқа, сондай-ақ Венгрияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Андраш Бараниға академияның алтын медалі, белгілі ғалым Әлімхан Жүнісбекке академияның «Томсон» атындағы медалі табысталды. Оған қоса, тарих ғалымдарының докторы, профессор Ахмет Тоқтабай, зерттеуші, қоңыртанушы Ернар Масалимов арнайы алғыс хатпен марапатталды.

Тағдыр жолы қазақ қызымен тоғыстырып, арман аңсарын түркі жұртының бірлігі мен болашағына бағыштаған жиһанкез ғалым өз өсиеті бойынша қазақ топырағында мәңгілікке дамыл тапты. Алматыдағы Иштван Қоңыр Мандокидың атымен аталған мектепте оның музейі білім теңізіне бет алған тәлімгерлер үшін үлгі-өнегенің ордасы секілді. Жиын қорытындысына сәйкес қатысушы қонақтар Кеңсай зиратына барып, ғалымның рухына құран бағыштап, гүл шоқтарын қойды.

Арман ОКТЯБРЬ,

«Egemen Qazaqstan»

АЛМАТЫ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.03.2019

Асқар Мамин Талдықорғандағы құрылыс нысандарымен танысты

23.03.2019

Шекарашылар заң бұзушылардың жолын кесті

23.03.2019

Президент: Жастарға арналған кадрлық бағдарлама дайындалады

23.03.2019

Имидждік іс-шараларды азайту қажет – Қ.Тоқаев

23.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының даму жоспарымен танысты

23.03.2019

Шымкентте жаңа медициналық орталық ашылды

23.03.2019

The Star: Назарбаев елде тұрақтылық пен келісім орната білді

23.03.2019

Астаналық балалар «Мұзбалақ» фильмін тегін көре алады

23.03.2019

Премьер-Министр «Қорғас — Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағын аралады

23.03.2019

Президент алғашқы сапарын неліктен Түркістаннан бастағанын түсіндірді

23.03.2019

Мемлекет басшысы Шымкенттегі «Азала текстиль» фабрикасын аралады

23.03.2019

Полицейлер Петропавл тұрғындары үшін наурыз көже мен бауырсақ әзірледі

23.03.2019

Шекарашылар бірнеше заң бұзушылықтың алдын алды

23.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының әкімшілік-іскерлік орталығына барды

23.03.2019

Мемлекеттік шекараны бұзып өтпек болған адам ұсталды

23.03.2019

Анар Жайылғанова:  Астананың атауын өзгерту процедурасы заңға сай жүргізіліп жатыр

23.03.2019

Атырау халқы ерлікпен қаза тапқан полицейді соңғы сапарға шығарып салды

23.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Шымкентке барды

23.03.2019

Димаш әлем жұртшылығын аузына қаратты

23.03.2019

Павлодарда үздік ұлттық киімдер анықталды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу