Банк секторы: бәсекеде бәсі озғандар қалады

Соңғы бірнеше жылдың бедерінде ел нарығындағы әлденеше банктің жабылып қалғаны белгілі. Елдің қаржылық, экономикалық өмірінде, халықтың тұрмысында екінші деңгейлі банктердің рөлі біршама күшейгендіктен болар, кейінгі кездегі қаржы институттарының жабылуы қоғамда біраз талқыланды. Жалпы, кейбір қаржы институттарының басына қара бұлт үйірілгенін Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуына байланысты Ұлттық банктің екінші деңгейлі банктерге қатысты талаптарды күшейтуімен түсіндіруге болады.

Егемен Қазақстан
12.02.2019 1150
2

Жуырда Kapital.kz-те жарияланған сұхбатында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев ДСҰ мен Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы инте­грациялық процестер кезінде қаржы нарығының бәсекеге қабілеттілігін күшей­ту жұмыстары жалғасын табатынын айтты. ДСҰ аясында шетелдік банктердің Қа­зақстандағы филиалдарының қатары айтарлықтай көбейеді деп күтілуде. Бұл қазақстандық компаниялардың және банктердің бәсекеге қабілеттілігінің жоғары болуын талап ететіні түсінікті. Яғни, қазіргі банктердің жабылу немесе бірігу процесі жалғасуы мүмкін. 

Тоқсаныншы жылдары нарықтық экономикаға енді көшкен тұста жұрт жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптаған қаржы институттарының ашылғанын да, жабылғанын да естіп үлгермейтін. Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Айжан Мұқышбекова айтқандай, тоқсаныншы жылдары екінші деңгейлі қаржы ұйымдарының саны 204-ке жеткен-ді. Қазіргі көрсеткіш одан әлдеқайда төмен екені түсінікті. Отыз жылға жетпейтін уақыт ішінде банктер жабылып, банкирлердің азаю қарқынын қысқаша шолып көрейік. 

Иә, 1993 жылы теңге айналымға еніп, Қазақстан дербес қаржы-несие саясатын жүргізе бастағанда, банктер тез көбейді, артынша сондай қарқынмен азайды. Басым бөлігінің қаржылай дәрменсіздігі сезіліп қалды. 1995 жылы наурызда қабылданған «Банктер мен банктік қызмет туралы» Заң Ұлттық банк үшін аталған секторды сауықтыруда мықты құрал болды. Қаржы институттарына өз беттерінше халықтың жинақ қаражатын тарту және сыртқы қарыз алудың есебінен экономиканы несиелендіру туралы талап қойылды. Осындай сұрыптаудан кейін жұмысы тұрақсыз, қаржылай дәрменсіз деп танылған банктердің алдында екі жол тұрды: бірден жабылу немесе басқа да әлсіз банктермен бірігіп, ірі банктердің еншілесіне айналу. Жарнамасы жер жарып тұрған «Крамдс-банк, «Тұранбанк», «Әлембанк» сынды қаржы институттарының жабылуға немесе бірігуге мәжбүр болғаны осы тұс еді. Осылайша 1994 жылғы 2004 банктің 30-ы бір жыл ішінде жабылды. 1996 жылы тағы соншасы жабылып, банктердің саны 101-ге түсті. Бас-аяғы 7 жыл ішінде 204 банктің 167-сі қалды, ғасырлар тоғысында 47-ге кеміді. 

1994-1998 жылдар аралығында екінші деңгейлі банктердегі халықтың қаржылай салым үлесі айтарлықтай өсіп, 5,4 миллионнан 31,6 миллион теңгеге жетіпті. 2000 жылы бұл көрсеткіш 248,3 миллиард теңгеге өскен. 

Тоқсаныншы жылдардағы «жабайы капитализм» тұсында банктердің жабылуы қарапайым салымшыларға да, бизнесмендерге де соққы болып ти­ді. Банктер ғана емес, банктерге деген ха­лықтың сенімі де құлағаны түсінік­ті. Одан кейін кейбір қаржы институт­тарының күйреуі баяуласа да, толастаған жоқ. Мысал ретінде «Көмір банк», «Ва­лют-Транзит», «Наурыз банк», тағы бас­қаларын айтуға болады. Әсіресе, еліміз­дегі ең ірі банктердің бірі саналып келген «Валют-Транзит Банктің» банкрот бол­ғаны көпшіліктің есінде шығар. 2001 жылы «ВТБ» ең ірі банктердің ондығына кірген, 2007 жылы Қазақстан бойынша 200 бөлімшесі жұмыс істеп тұрған, есеп­тік кассаларының саны бойынша Ха­лық банктен кейінгі 2-орында болған ірі қаржы институттарының бірі еді. Кей жылдары жинақтаушы зейнетақы қорына түскен қаржы көлемі бойынша республикада алдыңғы орынға шыққан-ды. 390 мың қарапайым салымшысы бар «Валют-Транзит Банктің» жабылуы банкроттық операциялардың ішіндегі ең көп резонанс тудырған оқиғалардың бірі болды десек артық айтпаспыз. Тіпті топтасып ереуілге шыққандар, өзіне қол салмақ болған адамдар да кездесті. Әй­теуір, Қазақстанның депозиттерге кепіл­дік беру қоры «ВТБ» борышының 97,6 па­йызын, 13,8 миллиард теңгені өте­геннен кейін ғана жағдай түзелді. 

Соңғы онжылдықтарда ел экономи­ка­сындағы өзгерістермен қатар, қаржы секторы да біршама жаңарды. Оған ықпал еткен факторлар ретінде бірнеше рет девальвация болғанын, ұлттық валютаның еркін «жүзуге» жіберілгенін, ірі қаржы институттарының біріге бастағанын, мемлекеттің банктерді банкроттықтан құтқару үшін миллиардтап қаражат құй­ғанын айта кетуге болады. Банктерді құт­қару үшін қаржы құю 2008 жылғы қаржы дағдарысының алғашқы толқыны соққан кезде басталған-ды. Екінші деңгейлі банктердің ипотекалық несиелерін, проблемалық несиелерін сатып алатын мемлекеттік қор да құрылғанымен, артынша оның жұмысы сиырқұйымшақтанып кетті. Одан кейінгі аралықта да жүйе құраушы банктерді қолдауға жүздеген миллиард қаржы бөлінді. 2008 жылдың басында елімізде 35 банк болса, 2011 жылы бұл көрсеткіш қырыққа жуықтады. 

Сынға ұшыраған үшеу

Жалпы, банктер екі жолмен жабы­ла­тынын айта кетейік. Мәселен, қаржы институтының акционерлері осындай шешім шығара алады. Әрине, ол үшін тиісті органдардың рұқсатын алу­ға міндетті. Сонымен қатар, Ұлттық банк сот шешімімен екінші деңгейлі қар­жы институттарын лицензиясынан айыра алады. Біздегі банктердің басым көпшілігі осы екінші жолмен жабылады. 

Кейінгі жылдардағы жабылған банк­терге қатысты мысал келтіре кетейік. 2016 жылдың соңында Ұлттық банк «Қазинвестбанкті» лицензиядан айыру туралы шешім шығарды. Арада бір жыл өтпей жатып сот шешімімен «Delta Bank»-тің жұмысы тоқтатылды. Бұл екі банктің салымшыларына өтемақы төлеу Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорына тапсырылып, қор былтыр жазда міндеттемесін өтеп болды. 

 «Эксимбанк», «Астана Банкі» және «Qazaq Banki»-нің басына бұлт үйірілуі былтыр көктемде Ақордада өткен кеңес­тен кейін басталған-ды. Елбасы олардың көрсеткіштері нашар екенін, акционерлері тиімсіз басқарғанын, бұл үшеуі салымшыларына берешек екенін айтып сынға алғаны есімізде. Одан кейінгі жағдай белгілі. Президент сөзінен кейін бірнеше ай өткенде «Qazaq Banki» мен «Эксимбанк» бағалы қағаздар нарығында қандай да бір операция жүргізуден шеттетілді. Екеуінің ірі акционерлері қосымша капиталдандыру туралы талаптарды орындамағаны үшін Ұлттық банк сотқа жүгініп, лицензиясынан айыруға мәжбүр болыпты, ресми жауап осындай. «Qazaq Banki» мен «Эксимбанктің» жалпы активтері мен міндеттемелерінің көлемі екеуінікін қоса алғанда 1 пайызға жет­пейтіндіктен, олардың лицензиясы тоқ­татылғаны қаржы жүйесіне сонша­лықты салмақ түсірген жоқ. Екеуі де міндетті кепілдендірілген депозиттер жүйесінің мүшесі болғандықтан, салым­шылардың кепілді сомаларын өтеу ісі де ың-шыңсыз өтті деуге болады. 

Өткен жылдың соңында ғана Ұлт­тық банк «Астана банкін» қаржылай опе­рациялар жүргізу лицензиясынан айыр­­­ғаны еске түседі. Сөйтіп, таяуда ға­на Еу­ра­зиялық банк «Астана банкінің» кли­ент­­­терінің кепілді салымдарын өтеуге кірісті.

Қаржы жүйесіне нұқсан келмейді

Белгілі экономист Жанкелді Шым­шы­қов­тың пайымдауынша, жүйе құрау­шы банктерге жатпайтын шағын қар­жы институттарының жабылып жат­қаны – нарықтық экономиканың заңды­лықтарына сәйкес жүріп жатқан қалыпты табиғи процесс. Банк экономикаға қар­жы ұсынуға қабілетті болуға тиіс. Кәсіп­орындар барлық қаражатын банкте ұстай­тыны белгілі, банк оны қаражатқа зәру екінші бір кәсіпорынға ұсынуы керек.

– Жалпы, елімізде өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын банктердің қаржы­лан­дыру деңгейі өте төмен. Қаржы ұйым­дары көп жағдайда шынайы экономи­каны дамытуға оншалықты тырыспайды, оның орнына түрлі делдалдық жұмыстармен пайда тапқанды артық көреді. Мысалы, коммуналдық төлемдер, басқа да төлем түрлерінен, тұтынушы несиелерден ғана табыс түсіруге үйренген. Активін ұлғайтуды көздеген банктер төлем қабілеті төмен адамдарға біле тұра несие береді. Әйтеуір активін ұлғайта беруді көздегендердің ешқандай кепілсіз, төмен талаппен несие ұсынған жарнамаларын күнде көріп жүрміз. Біздегі жабылып қалған банктердің біразы осындай жолмен активтерін көбейтіп, сырт көзге керемет жұмыс істеп жатқандай әсер қалдырған-ды. Алайда, проблемалық несиелері көбейген сайын олардың біра­зының жағдайы нашарлай берді. Айналып келгенде несие алушыларының 30 пайызына дейін төлем қабілетінен айырылып, біразының жағдайы мүшкіл болуға айналды. «Qazaq Banki» мен «Эк­симбанктің», «Астана Банкінің» жағ­дайын осылай түсіндіруге болады, – дейді Ж.Шымшықов. 

Сарапшы айтқандай, бұл банк­тер ауыл шаруашылық секторына да, өнер­кәсіпке де жарытып қаражат салған емес. Негізінен тұрғындардың тұтынушылық сұранысын өтеуді ғана мақсат тұтты. Яғни, халықтың төлем қабілеті төмен­деген кезде олардың басына қара бұлт үйірілгеніне таңғалуға болмайды. 

Бұл ретте Жанкелді Шымшықов:

– Шынайы экономикаға жұмыс іс­тей­тін банктердің басына қара бұлт үйірілсе, онда қобалжуға болар еді. Ал тұты­ну­шылық несиеге ғана сенетін, түрлі төлемдерден ғана табыс алуды көздей­тін банктер біртіндеп азаюға тиіс. Банктердің арасындағы бәсекелестік кезінде өміршең ірі жобалармен тиімді айналысқан ұйымдар ғана жеңіске жетеді, қалғандарының жұмысы ерте ме, кеш пе, тоқтайтыны түсінікті. Бұған дейін еліміздегі ең ірі деген банктерді дағдарыс кезінде сауықтыру үшін Үкімет тарапынан қаражат аударылғанын білесіздер. Соның салдарынан банктер «Үкімет далада тастамайды» деп санайтын болды. Қаржы секторы құлдыраса, тұтас елдің қаржылық жүйесіне нұқсан келеді. Ал экономика қаржы секторымен тығыз байланыста дамиды. Әлеуметтік ахуалдың ушықпауын ойлаған мемлекет банктерге әрдайым көмектеседі. Әсіресе, Қазақстандағы ең ірі төрт банк­тің жағдайын мемлекет тікелей бақы­лайды. Ал «Qazaq Banki», «Астана банкі», «Эксимбанк» сияқты кішігірім инс­ти­туттарға мемлекет көмектесе бермейді. Ондай қаржы ұйымдарының жабылу процесі әлі де жалғасады деп ойлаймын. Жалпы, 18 миллион халқы бар ел үшін 30 банк тым көп. Шынайы экономикаға жұ­мыс істейтін 10 банк сұранысты толық қанағаттандырады. Әлсіз қаржы ұйым­дары жабылып, экономика үшін тиімді жұмыс істейтін банктер қалып, банк секторы біртіндеп ұтымды деңгейге келеді деп санаймын,– деді. 

Сарапшылардың сөзіне сенсек, бұл үшеуінің жабылғанынан қаржы жүйесіне нұқсан келмейді. 

– Астана Банкіндегі депозиттердің жалпы сомасы 41 миллиард теңгеден асады, оның ішінде қайтарылуға тиісінің мөлшері – 37 миллиард теңге. Жалпы, үш банктің де активтері көп емес, банк жүйесіндегі үлесі 2 пайыздан аспайды, – дейді Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Айжан Мұқышбекова. 

Былтыр жаз айында Ұлттық банк төр­ағасы Данияр Ақышевті қабылдаған Мем­лекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев банк­тер­дің тым көбейіп кетуіне жол беруге болмайтынын айтқаны белгілі. Кейбір банктердің акционерлері әлеуетсіз клиент­терге біле тұра несие беретінін айтқан Президент «Банктер дегеніміз – қаржы, қаржы – экономика, ал экономика – халықтың әл-ауқаты» деп, банк секторында жауапсыздыққа жол беруге болмайтынын ескерткен-ді. 

FinBiz.kz-тің хабарлауынша, алдағы уақытта да Ұлттық банк проблемалық банктердің акционерлерін капиталдандыруды жалғастыруға шақырады. Ал акционерлердің біразы банктер арқылы та­бысқа кенеліп үлгергенін ескерсек, олар капитал көлемін көбейткенше, банкті жапқанды артық санауы әбден мүмкін. 

Арнұр АСҚАР,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.02.2019

Екатеринбургтағы жол апатында 5 қазақстандық зардап шекті

21.02.2019

Жамбылда аз қамтылған және көпбалалы отбасылар үшін 10 жатақхана салынады

21.02.2019

Үкіметті уақытша басқару Асқар Маминге жүктелді

21.02.2019

Мемлекет басшысының мәлімдемесі

21.02.2019

Елбасы Үкіметті таратты

21.02.2019

Н.Нығматулин Аустрия Парламенті Ұлттық Кеңесінің төрағасымен кездесті

21.02.2019

Сенаторлар халықаралық келісімдерді ратификациялады

21.02.2019

Индустрияландыру бағдарламасы аясында 20 мың тұрақты жұмыс орны ашылады

21.02.2019

Қызылордалық полицейлер заңсыз аң аулаушыларды ұстады

21.02.2019

Түркістан облысының өз футбол командасы құрылады

21.02.2019

Жайық өзені бойында ауқымды рейд өткізілді

21.02.2019

Биыл 65 мың ірі қара сатып алуға ақша бөлінеді

21.02.2019

Бас прокуратура өтемақы қорына өндіру тәртібін түсіндірді

21.02.2019

Қоғамға көмектесетін инклюзивті инновациялар

21.02.2019

Дариға Назарбаева Еуропалық Одақтың Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілімен кездесті

21.02.2019

Airastana 1 сәуірден бастап Қазақстан арқылы Ташкентке рейстерді ұлғайтады

21.02.2019

Қазақстан Ұлттық Банкінің төрағасы неміс бизнес-қоғамдастығының өкілдерімен кездесті

21.02.2019

Қазақстан мен ЕҚДБ арасындағы ынтымақтастық мәселесі талқыланды

21.02.2019

Семейлік оқушы-кәсіпкер Нәдір Сәбитов жиһаз шығаратын цех ашты

21.02.2019

Алексей Луценко «Оман турының» жеңімпазы

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу