Аймақтар • 12 Ақпан, 2019

Ш.Есенов университеті биыл 100 білім грантын бөліп отыр

1301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Университетке талантты жастарды тарту мақсатында мектеп оқушылары арасында пәндік олимпиадалар өткізу шарасы жүйелі түрде өткізіліп келеді. 

Ш.Есенов университеті биыл 100 білім грантын бөліп отыр

Олимпиаданың былтырғы жеңімпаздары үшін 18 грант бөлінген болса, жылдан-жылға олимпиадаға қатысушылар саны өсіп келе жатқандықтан, үстіміздегі жылы университет ректоры тарапынан жеңімпаздарға және кәсіпкерлік негізде өміршең жобаларды қорғаған жастарға арнайы 100 білім гранты бөлініп отыр.

-Түрлі жағдайларға байланысты қаржы жағынан қиындық көріп жүрген жастарға университет тарапынан әлеуметтік қолдау жасау мақсатында материалдық көмек көрсетіледі. Одан басқа, емтихан сессияларын үздік тапсырған білім алушыларға, анасы «Алтын алқа» иегері және отбасында 18-ге толмаған 5 бала болса, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге оқу ақысын төлеуде жақсы жеңілдіктер қарастырылған. Университет қабырғасында білім алушы жастарды ынталандыру мақсатында оқудағы, спорттағы, ғылыми-ізденушілік және қоғамдық жұмыстардағы жоғары деңгейдегі көрсеткіштері үшін, Қазақстаннан тысқары елде өткізілген халықаралық пәндік олимпиадалар, байқаулар мен жарыстарда жүлделі орын алған студенттерге ақшалай сыйақылар беріліп тұрады, деді Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте университет ректоры Б.Ахметов.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Egemen Qazaqstan»

Маңғыстау облысы