12 Ақпан, 2019

Парламентте халықаралық құжаттар қаралды

269 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенаты Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында «2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.

Парламентте халықаралық құжаттар қаралды

Хаттамаға 2018 жылғы 3 қазанда Мәскеу қаласында қол қойылды.

Хаттамаға сәйкес Келісімге 2 және 3-қосымшаларды Келісімнің шарттарынан шығару бөлігіне өзгерістер енгізіледі, ол тараптардың құзыретті органдарына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстанда қолданылатын ведомствоаралық Хаттама жасасу арқылы Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына алып баруға тыйым салынған немесе шектеу қойылған және экспорттауға тыйым салынған немесе Қазақстаннан Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағынан тыс жерлерге әкетуге шектеу қойылған мұнай өнімдерінің тізбелерін айқындауға мүмкіндік береді.

Келісімге енгізілетін өзгерістер жанар-жағармай материалдарының ішкі нарығының балансына байланысты экспортты ашу/жабу немесе мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін импорттау жөнінде шешім қабылдау кезінде ұтқырлықты дамытуға жәрдемдесетін болады.

Құжат Палата қарауына берілді.

Соңғы жаңалықтар