Британдық ғалымдардың обырға қарсы революциясы

Британдық институт ғалымдары обырдың 6 түріне қарсы дәрі ойлап тапты. Бұл туралы BBC News ақпараттық агенттігі хабарлады.

Егемен Қазақстан
12.02.2019 8255
2

Инновациялық терапия «трояндық ат» принципімен әсер етеді.  Өндірушілер токсиндық молекулаларды зиянсыз антиденемен қаптаған. Осылайша ол обырды дөп тауып, оны ішінен құртады. Обыр соңғы шегіне жеткен,  ең көп таралған, сондай-ақ бұған дейін басқа ем түрлері әсер етпеген қаралушыларға тәжірибе жасалды.

Әсіресе, зерттеушілер жатыр мойны ісігі мен несеп жолдарындағы обырға қарсы жақсы нәтижеге қол жеткізген. Жазылмайды деген диагноз қойылған төрт қаралушының жағдайы осыдан соң жақсара бастады. Алты ай мен тоғыз ай аралығында тәжірибе жасалған қаралушыларда ісік өспеген немесе көлемі қысқарған.

Сонымен қатар терапия өкпе, ас қорыту, жатыр мен аналық бездің қатерлі ісігін қайтарды дейді британдық медбикелер. Бірақ, қуық жолы қатерлі ісігіне әсер етпепті.

«Трояндық ат»

Өндірушілер ТV (tisotumab vedotin) деп атаған дәріде химиялық гибрид пен иммунотерапия бар.

Токсинді зат антидененің соңына бекітілген. Ол қатерлі ісік жасушаларының бетінде көп мөлшерде болатын CD142 ақуызымен бірігеді. Нәтижесінде молекула ісік ішіне енеді, токсиннің сыртқы қабығы ажырап, жасушаны ішінен жояды.

Терапияның жүрек айну, әлсіздік, мұрыннан қан ағу сынды кері әсерлері де бар. Алайда, ол өтпелі. Бірінші клиникалық зерттеуде Бельгия, Ұлыбритания, Дания, АҚШ, Швециядан 150-ге жуық науқастар қаралған. Тәжірибе жетекшісі, обырға қарсы зерттеу Институтының басшысы  Джоана де Бононың айтуынша, бұл дәрі ішек, ұйқы безі және бас қатерлі ісігінен айығуға да септігін тигізеді.

«Бұл  жаңалық терапияның әрекет ету принципін білдіреді. Дәрі-дәрмек обыр жасушаларына еніп, трояндық ат сияқты оларды ішінен өлтіреді», деп түсіндірді ол.

Бес жыл көлемінде мұндай терапия клиникалық зерттеу аясында ғана емес, қатардағы пациенттерге де қол жетімді болмақ.

Салтанат ШЫНӘДІЛ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.02.2019

Екатеринбургтағы жол апатында 5 қазақстандық зардап шекті

21.02.2019

Жамбылда аз қамтылған және көпбалалы отбасылар үшін 10 жатақхана салынады

21.02.2019

Үкіметті уақытша басқару Асқар Маминге жүктелді

21.02.2019

Мемлекет басшысының мәлімдемесі

21.02.2019

Елбасы Үкіметті таратты

21.02.2019

Н.Нығматулин Аустрия Парламенті Ұлттық Кеңесінің төрағасымен кездесті

21.02.2019

Сенаторлар халықаралық келісімдерді ратификациялады

21.02.2019

Индустрияландыру бағдарламасы аясында 20 мың тұрақты жұмыс орны ашылады

21.02.2019

Қызылордалық полицейлер заңсыз аң аулаушыларды ұстады

21.02.2019

Түркістан облысының өз футбол командасы құрылады

21.02.2019

Жайық өзені бойында ауқымды рейд өткізілді

21.02.2019

Биыл 65 мың ірі қара сатып алуға ақша бөлінеді

21.02.2019

Бас прокуратура өтемақы қорына өндіру тәртібін түсіндірді

21.02.2019

Қоғамға көмектесетін инклюзивті инновациялар

21.02.2019

Дариға Назарбаева Еуропалық Одақтың Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілімен кездесті

21.02.2019

Airastana 1 сәуірден бастап Қазақстан арқылы Ташкентке рейстерді ұлғайтады

21.02.2019

Қазақстан Ұлттық Банкінің төрағасы неміс бизнес-қоғамдастығының өкілдерімен кездесті

21.02.2019

Қазақстан мен ЕҚДБ арасындағы ынтымақтастық мәселесі талқыланды

21.02.2019

Семейлік оқушы-кәсіпкер Нәдір Сәбитов жиһаз шығаратын цех ашты

21.02.2019

Алексей Луценко «Оман турының» жеңімпазы

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу