Қазақстан • 12 Ақпан, 2019

«Қазақстан темір жолы» тасымалдау шараларын жақсарту үшін күш біріктіреді

484 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстандық тасымалдаушылар және вагон (контейнерлер) операторлары қауымдастығы Алматы қаласында өткен жалпы отырысында шешімін күткен проблемаларды шешу және бизнесті жүргізу үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ ұсынған шаралар контексінде тасымалдау процесінің тиімділігін арттыру мәселелерін талқылады. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстан темір жолы» тасымалдау шараларын жақсарту үшін күш біріктіреді

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетов Қауымдастық мүшелерін компанияның өндірістік процестерді жақсарту және оның қаржылық тұрақтылығын нығайту жөніндегі жаңа стратегиясының негізгі бағыттарынан хабардар етті.

Қ.Әлмағамбетов мәлім еткендей, өзгерістер тариф саясатын, реттеу ортасын қамтиды, ұйымдастырушылық құрылымы жеңілдетіледі. «ҚТЖ» ҰК» АҚ құрамында тек қана негізгі қызметпен байланысты салалық компаниялар қалады. «ҚТЖ» жаңа ұйымдастырушылық құрылымда – Диспетчерлік функцияларын жүзеге асырушы Ұлттық жүк тасымалдаушы. Компания құрылымында «МЖС» АҚ (инфрақұрылым) құрылып, өзге еншілес ұйымдарға немесе керісінше ағатын барлық кірістер мен шығыстар автономды болады.  

Жаңа жағдайда кірісті арттыру мен қолжетімділік, клиентке мойын бұру жағдайында қосымша клиенттерді тарту бойынша максималды жұмыс жасау міндеттері қойылып, «Қазтеміртранс» АҚ – вагон паркі операторының рөлі айтарлықтай күшейтіледі. Барлық процестер автоматтандырылады және жеңілдетіледі. Қазірдің өзінде он-лайн режимде келісімшарттарды жасасуға болады. Бизнестің барлық өтініштері бойынша жауаптар тәулік ішінде беріледі.

Жалпы жиында операторлық бизнестің проблемалары талқыланды. ҚазТОҚ бас директоры С.Адамбаева атап кеткендей, ТЖЫҰ мен ТКОК бекітілетін нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу кезінде Қазақстанның бірыңғай ұстанымын әзірлеу қажет. Вагон операторлары мен ұлттық тасымалдаушының өзара қатынастарының негізгі аспектілерін реттейтін, келісімшарттарды әзірлеу және қолдану туралы «ТрансКом» ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары Л.Смирнова айтып өтті. «Тенгизтрансгаз» ЖШС бақылау кеңесінің басшысы Ю.Шнейдмюллер барар жолда ақау туындағанда вагондарды ағымдағы ажыратып жөндеу (ААЖ) процестерін заңнамалық реттеу маңызды деп санайды.

Жиында тасымалдау процестерін жақсарту жөніндегі тиімді қадамдарды әзірлеу бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен ҚазТОҚ тиімді ыңтымақтастығы атап өтілді.

«Біз ортақ проблемаларды шешуде ымыраға келуіміз керек», - деген Қ.Әлмағамбетов «ҚТЖ – барлық тасымалдау қызметі қатысушылары және тұтынушылары үшін жұмыс істейтін ұлттық компания» дегенді баса айтты.