Талай қыз «Ақылжан» деп тұрушы еді... - Абайдың тұңғыш ұлы туралы не білеміз?

Абай Құнанбайұлының 16 жасында дүниеге келген тұңғышы Ақылбай туралы не білеміз? Түрлі аспаптарда еркін ойнайтын музыкант, әнші, ақын, өнерпаздың өмір жолы туралы төмендегі мақалада әңгімеленеді.     

 

Егемен Қазақстан
13.02.2019 2430
2

«...Ата көңіл жанбаса бір,

Артық өнер шықпаса.

Ел танымай, үй танып құр,

Шаруасын да ұқпаса –

Үміті қайда?

Соны ойла,

Абайла!..»

Жасы 29-ға келген, осы уақытқа дейін Ырғызбайдың бір мырзасындай еркін, ерке, шолжаң болып өскен Ақылбайдың өмірін күрт өзгерткен, ойландырған өлең. «Ата-анаға көз қуаныш». 

Ақылбай – 1861 жылы Абайдың 16 жасында дүниеге келген тұңғыш баласы. Абай өзі де әлі жас болғандықтан Ақылбайға бала ретінде қарамайды. Әрі Құнанбайдың кіші тоқалы Нұрғаным бір жасынан бала қылып етегіне орағандықтан, Құнанбайдың кенжесіндей, Абайдың інісіндей болып, ерке өседі. Кенже болғаннан кейін де ешкім бетінен қақпай, алдына тура келмейді. Т. Жұртбай «Құнанбай» еңбегінде Мәкен Тұрағұлқызынан Нұрғанымның Құнанбайдан баласы болғанын, оның кішкене кезінде қайнап тұрған құртқа түсіп, өлгенін естігенін жазады. Өзі Нұрғанымның бір ұл, бір қызы болғанын айтады. Екеуі де кішкентай кездерінде жәннаттық боп кеткен. Сол себепті де Ақылбайды бала қылған. 

Жасынан әнге, сөзге құмар боп өскенімен, Ақылбай бір іске ден қойып, өзін арнамайды. 9-10 жасында Ғабитхан молданың алдына келіп, 4-5 жыл оқу алады. Бар оқығаны осы. 

Ақылбай ер жеткенде Құнанбай өзімен тең жерден, Мұрын руының басшысы, 1844 жылы құрылған Көкпекті округінің аға сұлтаны Қисықтың Жұмақан деген баласының Ізіқан атты қызын алып беріп, жеке отау етіп шығарады. Қисық та Құнанбай сияқты «қарадан шығып, хан болған» адам. Жалпы Құнанбай өз ұлдарына да, немерелеріне де айтулы жерлердің қыздарын айттырған.

Ақылбай жеке ауыл болған соң ырғыз­бай­лы­ғына масаттанып, сауық-сайранмен күнін өткізген. «Нағашым ер Қазыбек әулие өткен, Фәниден уақыт жетіп о да кеткен...» деген өлеңін өзінің шыққан тегімен құр мақтанып, айтқан өлеңі дейді Қайым Мұхамедханұлы. «Абай» журналының 1992 жылғы екінші санында «Ақылбайдың шапшаңдығы» деген шағын мақаласында Тоқтархан Шәріпжанұлы ол өлеңнің шығу тарихын былай баяндайды: «Бірде Ділдә жайлауға шығарда үй жиһаздарын қақтырып жатқанда, жұрттың көзі алтынмен зерленген бір әдемі тонға түседі. Сөйтсе, бұл Ділдә ұзатылғанда төркінінен бірге келген асыл бұйымдардың бірі екен. Осы киімді неше жыл бүлдірмей сақтап келе жатқан Ділдәның ұқыптылығына жұрт жылы лебіз білдіріп жатады. Әлгі тонды «мен кием, мен кием» деп Абай балалары таласа бастайды. Сонда Ділдә тұрып:

– Алсаң, менің төркінімді мақтап, табан астында өлең шығарғаның ғана аласың. Және де кімнің өлеңі жақсы шықса, соған берем, – депті. Осы сәт Ақылбай сайрап қоя береді» деп әлгі өлеңді келтіреді. 

Бірақ «Абай» журналында Т.Шәріпжанұлы келтірген өлең мен Қайым Мұхамедханұлы құрастырған жинақтағы өлеңнің шумақтары мен кейбір тармақтарында айырмашылық бар. Екі өлең негізінен бір нәрсені айтып тұрғанымен, Қайым келтірген өлеңнен тонға бола шығарылған өлең екені байқалмайды. Онда ғалым айтқандай арғы ата тегімен мақтану бар. Ал Шәріпжанұлының пікіріне сенетін болсақ, Ақылбай анасының шартын орындап, алтын тонды алу үшін өзінше дұрыс жырлап тұр. Анығы Аллаға аян. Біз көбіне Қайым Мұхамедханұлының пікіріне бейілміз. 

Сонымен, Ақылбай ерке болып өседі. Абайдың дұшпандары оның аңқаулығын пайдаланып, әке мен баланың арасына от салмақ болады. «Абай баласының мінездеріне, жасынан көрген жағымсыз тәрбиесінен пайда болған әдеттеріне кейіп «Ата-анаға көз қуаныш» өлеңін жазады» (Қайым). 

Осы өлеңнен кейін Ақылбай ес тоқтатып, Абай өнегесін үйрене бастаса керек. Ал Ақылбайдың аңғалдығын пайдаланған дұшпандарының бір ерекше жаман айлалары Оспан өлген соң, Еркежанның әмеңгерлігіне таласқан уақытта шығады. Оспан дүниеден озған соң, екі жыл Еркежан орнын күзетіп отырады. Қарашаңырақтан бәрі дәмелі. Тәкежан да, Ысқақ та. Тек Абай ғана бас тартады. Ал Еркежан болса, «барсам, тек Абайға барамын, әйтпесе маған қысастық жасамай, төркініме жіберіңдер» деумен болады. Осы уақытта Абай дұшпандары – әзәзілдер Ақылбайға сыбырлайды. «Сен кімнің баласысың? Абайдың ба? Құнанбайдың ба?». Әрине, Ақылбай – Құнанбайдың баласы, кенжесі. «Ендеше, әмеңгерлікке сенің де хақың бар емес пе?!». Міне, шайтан сөзі қайда жатыр? Бұл сөз әуелі Еркежанға, сосын Абайға өте ауыр тиеді. Абай Еркежанды алады. Амалсыз... Оған Мағаштың да ықпалы болды.

Кейін Ақылбай өз қазығын табады. Абай сөзіне, әке өнегесіне үйір болған кезінен бастап былайғы өмірі шәкірт болуымен, гармонь, скрипка, домбыра үйреніп, бар білгенін жетілдірумен өтеді. Абайдың басқа ақын шәкірттерінен әке алдына кеш келсе де, жасы үлкен болғандықтан «Ақыл аға» атанады. 

Бұлғыннан ішік кидім кәмшат жаға,
Сарп еттім дүниені білмей баға.
Талай қыз «Ақылжан» деп тұрушы еді,
Дейтұғын сұмдық шықты-ау: «Ақыл аға», – деп әзіл-шыны аралас сөз айтқан.

Ақылбай баяғы тентектігінен арылып, Абайдың талантты шәкірттерінің бірі болады. «Ақылбай сауықшыл әнші, скрипкашы болатын... Домбыраға қазақтың ескі күйлері: «Азамат қода», «Бұлаң жігіт», «Бес төре», «Асыр қалша» деген күйлерін тартатын. Скрипкада Абайдың әншісі атанған Мұқадан үйренген түрлі орыс күйлерін тартатын. Дойбы ойынынан Ақылбайды ұтатын адам бола қойған жоқ» деп жазыпты Ақылбайдың замандасы Рахымжан Мамырзақов. О кісінің естелігі Абай музейінің қолжазба қорында сақталған.

Ақылбайдың махаббат тақырыбына жазған көптеген өлеңі болыпты. Бірақ бізге азы жеткен. Әбіш пен Мағаш қайтқанда жазған жоқтау өлеңдері және бізге белгілі үш поэмасы бар. «Дағыстан», «Зұлыс» және «Жаррах батыр». Соңғы поэмасы сақталмаған. Қайым Мұхамедханұлы Ақылбайдың әр поэмасын жеке-жеке талдап, мазмұндап, Ақылбайдың ақындығын жоғары бағалайды. Қазақ поэзиясында Кавказ тақырыбын тұңғыш жазған ақын дейді. 

***

Абай шарапаты, ақын тәрбиесі айнала­сын­да­ғы­лардың бәрін өсірді. Тіпті, дұшпандарын да. Оразбайдың қажылыққа шығар сапарында, Абайдан кешірім сұрап келгенін еске алыңыз. Немесе Абай дүниеден озғанда: «Менің Оразбай боп тұрғаным Абайдың арқасында еді» деп жылағанын ойлаңыз. Дұшпанның бәрі бұлай мо­йындай бермейді. Тек Абай өсірген дұшпан ғана айта алар сөз. 

Ақын талғамы, эстетикалық қуаты қазақ сөз өнерін де, ән өнерін де өсірді. Абайдың өз поэзия­сын былай қойғанда, ақын шәкірттері шыққан төбелер қызғалдақтай жайнады. Шәкәрім, Мағаш, Тураш, Көкбай, Әсет, Әріп, Тайыр, Уәйіс, Қиясбай (Т.Шапайдың «Абайдың Қиясбайы» категориясымен қарағанда, Қиясбай бәрінен озған. Құбылыс!).

Ал ән өнерін өзі бастап Мұқа, Әлмағанбет, Мұхамеджан, Көкбай, Ақылбай өнері арқылы жаңа деңгейге көтерді. Осы жерде қазақ даласына кең тараған, Алаштың аймаңдай әншісі болған Жәнібек Кәрменов жоғары бағалаған «Ақылбайдың әнін» арнайы айтқымыз келеді. Ақылбайдың әні – оның Абай ұлы ретінде абыройын өсірген, қателіктерін кешуге жаратқан, бастысы өзін өнерпаз ретінде мойындатқан үлкен шығармасы. Тураштың Матай еліне қайындап барарында Әлмағанбет: «Ақыл аға, бір жаңа ән тауып берші», – дейді. Сонда он минутта айтып берген әні екен. 

Жәнібек Кәрменов «Ақылбайдың әні» әңгімесінде осы естеліктерді пайдалана отырып, әдемі суреттейді. Бастысы өзі де жезтаңдай әнші ретінде Ақылбайдың әніне баға бере сөйлейді. 

«Ақылбай майда қоңыр үнімен ән бастады. ...Дәрменсіз топтың дымы шықпай тыпыршып әннің қанжығасында кете барды. Бұрын-соңды естімеген өзгеше мінезді әннің айтар ділі де, тілі де бөлек. 

Бір ән тауып Әлекең бер деген соң,
Матайды алыс, бір талай жер деген соң.
Он минутта ойыма осы ән түсті,
Қапаш-құпаш қолымды сермеген соң.

...Бүгінгі жасыл дәуреннің ертеңгі күзін меңзейді. Жастық өмірдің тұрлауын тілеп, жоғын жоқтайды. Шашыларсың, шашарсың, ар-ұятың қанжығаңның ұшында жүрер. Ала құйын сезімің алдарқатып төзіміңнің алдын орайды. Шыдамай барып шоқ басасың. Қызуы, жылуы жоқ, лап етіп жанып кететін қурай секілді, тез жанып, тез сөнесің, содан сақтан дейді.

Тамырын нәрлеп жайған бәйтеректің құшағы саялы. Көлеңкесіне аң да, адам да үйірсек. Із-түзсіз кеткен ғұмырдың бауыры жар сүйсең адал сүй, жүрегіңе түскен от көзің жұмылғанша бойыңды жылытып, ойыңа қуат берер болсын. Соған тілектеспін. Өкінбе деп бебеулейді...
Тұла бойды шымырлатып, ұйытып бара жатқан сағынышты ән тіршіліктің бауырында қалықтап тұрып алды...».

Көркем шығарма, әңгіме болғанымен, ән жүйрігі Жәнібектің «Ақылбайдың әніне» берген ішкі бағасы. Әнге деген сезімі, махаббаты. 

Ал осындай ән қалдырған Ақылбай 43 жасында, Абайдың қырқында, Семей қаласында көз жұмады. Ақыннан ұл, ұлдан қалықтаған ән қалды...

Абайдың «жаман» баласының өзінен өнер таптық. Үйрендік. Әке үмітін ақтау, әке көңіліне қарау осымен шектелмесе керек...

Бағашар ТҰРСЫНБАЙҰЛЫ,

«Egemen Qazaqstan»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

26.03.2019

Қостанайдың аудандары мен қалаларында елорданың жаңа атына орай акция өтті

26.03.2019

Қостанай облысында полицейлер азаматтық алып берді

26.03.2019

Сенат Төрағасы Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі Төрағасымен телефон арқылы сөйлесті

26.03.2019

Мамандар Қаламқастағы апат зардабын өрт ауыздықталған соң анықтамақ

26.03.2019

«Қаламқас» кен орнындағы жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды

26.03.2019

Сыртқы істер министрінің орынбасары тағайындалды

26.03.2019

Мен кешегі шалдарды түгел көрдім

26.03.2019

Қазақстан мен Вьетнам арасындағы өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы заң жобасы қаралды

26.03.2019

Сенат комитетінде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралызаң жобалары қаралды

26.03.2019

Ақтамберді жыраудың басына кесене орнатыла ма?

26.03.2019

Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті

26.03.2019

Ержан Жылқыбаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды

26.03.2019

Алмат Мадалиев Әділет вице-министрі қызметіне тағайындалды

26.03.2019

#NurOtanTrends пікірталас алаңының кезекті отырысы өтті

26.03.2019

Францияның Бас Консулдығы «Франция мәдениеті» байқауын ұйымдастырды

26.03.2019

Алматыда алғашқы «Қыз Жібек аруы» байқауы өтті

26.03.2019

Академик Асқар Жұмаділдаев жасырған есебін шығарған СДУ студентіне 100 доллар сыйақы берді

26.03.2019

Байқау жеңімпаздары оңтүстікті аралайды

26.03.2019

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Алматы қаласына барды

26.03.2019

Нұр-Сұлтан – Токио бағытында рейс ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу