Президент • 13 Ақпан, 2019

Нұрсұлтан Назарбаев: Өсер елдің ұрпағы арманшыл болады

523 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Нұрсұлтан Назарбаев: Өсер елдің ұрпағы арманшыл болады

“Арманшыл болыңдар. Өсер елдің ұрпағы арманшыл. Өшер елдің ұрпағы жанжалшыл. Сондықтан арманшыл болыңдар” деді Елбасы «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы жеңімпаздарымен кездесу соңында.

Айта кетейік, «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының мақсаты - Тәуелсіздік жылдарында заманауи Қазақстанның дамуына қомақты үлес қосқан адамдардың нақты мысалында қоғамда табыстылық идеяларын, меритократия, бәсекелестік принциптерін, білім және прагматизм культын насихаттау және дамыту. Жоба Елбасының  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын аясында екінші рет жүзеге асты.

Бұл жоба кәсіби салада жетістікке жеткен, дара жолдары өзгеге үлгі болатын адамдарға арналған. Осымен екінші жыл ұйымдастырылып отырған жобаның ерекшелігі - үміткер өзін ұсынуға және үміткерді ұйым атынан ұсынуға мүмкіндік берілді.