Жеңімпаздар ел кубогына жолдама алды

Жақында Өскемендегі Жекпе-жек сарайында ерлер мен әйелдер арасында қоян-қолтық ұрыс бойынша облыс чемпионаты аяқталды. Оған барлығы 8 команда қатысып, өз шебер­ліктерінің өсіп келе жатқанын байқатты

Егемен Қазақстан
14.02.2019 482
2

– Алдағы наурыз айында Өскеменде қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан кубогы жарысы өтеді. Оған еліміз бойынша отызға тарта команда қатысады. Бабамыз қазақ жекпе-жек өнерін ерекше бағалаған, күні кешегі еліміздің шекарасын абыроймен қорғаған батырлар қоян-қолтық ұрыс дегенде білек сыбанып шыға келе­тін, – деді Шығыс Қазақстан облыстық таэквондо феде­ра­циясының құрметті прези­денті,  таэквондодан ардагер­лер арасындағы Әлем чем­пионатының қола жүлдегері  Нұрсамат Есенғарин.

Семей мен Аягөзден келген SPARTA, КУДО спорт клубтарының мүшелері тамаша өнер көрсетті. Мәселен, қыздар арасындағы 60 кило салмақта спарталық Дари­на Әбіл­ғазинова қарсы­лас­тарын шақ келтірмей чемпион атан­ды. Аягөз­дік Ұлан Рах­­метоллаев 60 кило сал­мақта өскемен­дік А­қ­­төре Марат­ұлына жол беріп, күміс алқаны қана­ғат тұт­­ты. 55 кило салмақта Рүстем Жақыпов («Титан» клубы), 65 килода Ахмер әскери бөлімінің қызметкері  Тимур Қасенов, 70 килода «Шығыс» клубының өкілі Азамат Байғожин, 75 килода Глубокое аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкері Аманжол Нұралыұлы, 80 килода «Айбын» спорт клубының өкілі Мейіржан Ринатов, 85 килода Алтай Райымханов (Шығыс» клубы), 90 килода Эльдар Шалқар («Шығыс»), ал 90 килодан артық салмақта Қорғаныс министрлігінің спортшысы Алмас Байғалиевтың асығы алшысынан түсті.

– Жарыс жоғары деңгей­де өтті. Бұрымдылар тек бір сал­мақта ғана сайысқа түсті. Алайда шырайлы Шығыс­та жекпе-жек өнері­­не қызы­ғушылық ар­­тып келеді. Қыз­дар да қоян-қолт­ық ұрысқа ден қоя бас­тады. Жекпе-жек, қоян-қолтық ұрысы соңғы жылдары күрт дамуда. Нау­рызда дәл осы  Жекпе-жек сара­йында қоян-қолтық ұры­сынан Қазақстан кубогы өте­ді. Жарысқа Президент кү­зеті, басқа да спорт клуб­тары­­ның саңлақтары қатыс­пақ, – дейді осы жарысты ұйым­­дастырушы, облыс­тық таэквондо федера­циясы­ның президенті Мерхат Болатқанұлы.

Реті келгенде айта кету керек, Шығыстың таэквондашылары соңғы жыл­дары дүбірлі жарыстарда жүл­де тере бастады. Федера­ция президенті Мерхат Болат­қанұлы бастаған өңір саңлақ­тары жыл сайын Оңтүстік Кореяға барып, оқу-жаттығу жарыстарына қатысады, шеберліктерін шыңдайды. 

Оңдасын ЕЛУБАЙ,

журналист

ӨСКЕМЕН

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.03.2019

Мемлекеттер басшылары Қасым-Жомарт Тоқаевты Президент лауазымына кірісуімен құттықтады

21.03.2019

Қазақстан Шотландияны 3-0 есебімен ұтты

21.03.2019

Н.Назарбаев пен Қ.Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

21.03.2019

Н.Назарбаев Армения Президенті Армен Саркисянмен телефон арқылы сөйлесті

21.03.2019

Назарбаев Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

21.03.2019

Қазақстан-Испания экономикалық ынтымақтастық Мадридте талқыланды

21.03.2019

Назарбаев пен Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

21.03.2019

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Наурыз мерекесіне орай құттықтауы

21.03.2019

Ономастика комиссиясы Қостанайдағы Абай даңғылының орнына басқа көшені таңдауды ұсынды

21.03.2019

Қостанайда  халықаралық медиа форум өтті

21.03.2019

Елордада Наурыз мерекесі тойланды

21.03.2019

«Астана Опера» Наурызды жаңа форматта атап өтті

21.03.2019

Біз астаналықтар болып қала береміз - Бақыт Сұлтанов

21.03.2019

Таразда сауықтыру орталығы ашылды

21.03.2019

Әулиеатадағы әсерлі мереке

21.03.2019

Тараз қаласында жастарға арналған аллея ашылды

21.03.2019

Ономастикалық комиссия көше атауларының өзгеруін қолдады

21.03.2019

Назарбаев пен Тоқаев Наурыз мейрамына қатысты

21.03.2019

Наурыз мейрамын ЮНЕСКО-да атап өтті

21.03.2019

Наурыз мейрамында шаңырақ көтерген жастарға Нұрсұлтан Назарбаев ақ батасын берді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу