Кристиан Диордың №1 моделі: қазақтан шығып, Парижді мойындатқан Алла Ильчун кім еді?

Сән әлемінде ойып тұрып өз орнын алған, 20 жыл бойы Кристиан Диордың табыс тұмарына айналған Алла Ильчун, анығырағы Алла Қуантханқызы Елшіннің есімі бізден гөрі, Еуропаға әлдеқайда мәшһүр.

Егемен Қазақстан
14.02.2019 3096
2

Париж подиумдарында жылдар бойы салтанат құрған, Кристиан Диордың №1 моделі, кейін Ив Сен Ло­ранды да мойындатқан құмырсқа бел тұлғаның тағдырында тылсым оқиғалар ғана емес, жұмбақ жайттар әлі жеткілікті.  

Ақиқатында Алла Ильчунның жолы болған модель емес, шын мәнінде тұлға екендігін Кристиан Диордың өзі де мойындап өткен ғой. 

Ғажайып және барлық кезде бойында аздаған жұмбағы, бір қараған адамды жалт еткізер қасиеті бар, белінің табиғи жіңішкелігі 46 см ғана болған Алла Елшіннің сән әлеміне келуінің өзі кездейсоқ, қызық оқиға. Ақиқатында, ол бетінің әрі бар кезде Еуропаның бүкіл мода туралы журналдарының мұқабасынан түспеген.

Сымбатымен ғана емес, мінезділі­гі­мен де Парижді бағындырған қан­дасымыз туралы жазуға түрткі бол­ған басты себепті атап өткеніміз жөн.

Жуырда Алматының мәдени өміріндегі елеңдетерлік жаңалықтың бірі – «Муза DIOR. Алла Ильчунның тарихы. Қазақтан шығып, сән әлемін мойындатқан» атты кітабының авторы Берлин Иришевпен кездесу болды. 

Жаңа кітап Алла Ильчунның өмірін ғана емес, бұрын-соңды бел­гісіз болып келген деректер мен мұ­рағаттық құжаттарды да қамтиды. 

Кітап авторына келсек, Берлин Иришев – экономист, дипломат. 1996 жылдан бері Францияда тұрады. Ал бұрынғы дипломатқа өз қандасы жайлы кітап жазу идеясы күтпеген жерден пайда болады. 2018 жылдың жазында Парижде қыдырып жүріп, Алла Ильчунның Леон Зейтлин салған портретін көріп, сатып алып қазақстандықтарға мақтанышпен көрсетпек болады. Артынша 60-қа келгенде ғана әкесінің қазақ екен­дігін мойындап кеткен модель  туралы кітап жазуға шешім қабыл­дайды. 

Кітаптың тұсаукесеріне жинал­ған­дарды әрі тәнті етіп әрі таң- ғалдырған деректер өте көп болды. Ең бастысы, оның қазіргі жалғыз ұлы Марк де Дюльмен (Mike Marc de Dulmen)  табылып, көптеген деректерді қуаттап отыр.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлі есін жимаған әлемге әйел­дік нәзіктікті оралтуға ұмтылған жас­ Кристиан Диордың музасы тура­лы 1949 жылдан бастап әрісі АҚШ, Франция, Англия, Бразилия, Жа­пония тіпті Аустралияның бел­ді басылымдары жарыса жазып, суреттерін таласа жариялағаны тарихтан белгілі. Оның үстіне Алла 1967 жылы Франция азаматтығын алғанға дейін Еуропа оны «қытай» деп білді. Осы жерде ақиқат үшін атап өткен жөн, Кристиан Диордың музасы дегенде алдымен Марлен Дитрих пен Митца Брикардың аты аталады. Бірақ Диор өле-өлгенше Алла Ильчунның сән әлеміндегі сиқырын мойындап, табыстылығының тұмары екендігін айтып, оның пікірімен есептесіп, қорғаштап өткен.

Ал енді мына дүниеден озарында қазақ екендігін мойындап өткен модель талай жұмбағын өзімен алып кеткені сөзсіз. 

Сонымен Диордың жетекші мо­делін Парижге қай жазмыш жетек­теп келген десеңіз, Алланың әкесі Қуантхан 1897 жылы Верный қа­ла­сында (Алматы) ауқатты отбасында өмірге келеді. Әкесі туралы Алланың өз аузынан жазып ал­­ған шетелдік журналистер оны бір­ жерде Хуанхал, енді бір жерде Жуан­хан деп түртіп алса керек. Өткен ға­сырдың 20-жылдары инженер мамандығын алған Қуантхан солтүстік-шығыс Қытайға, жоғарыда айтып отырғанымыздай, Харбинде 1891 жылы басталған әлемдегі ең ұзын темір жолдың құрылысына аттанады. Сол жерде Алланың шешесі Тамараны тағдыр жолықтырып, 13 жас айырмашылықтарына қара­мастан 16 жастағы жап-жас Тамараға үйленеді. Дүниеге кел­ген нәрестеге Алла деген есім бе­рі­леді. Бұл ат екеуіне де ортақ болатын. 

Көп ұзамай Маньчжурияда  жапон интервенциясының басталуы олардың өмірін мүлде басқа арнаға бұрып әкетеді. 1935 жылы Қуантхан отбасын темір жол арқылы Шанхайға алып кетуге әрекет жасайды. Осы сапарда атыс болып, Тамараның әпкесі қайтыс болады. Ал Қуантхан әйелі мен қызын Францияға жүзіп бара жатқан Норвегия кемесіне отырғызып үлгереді. Тура бір жылдан кейін-ақ жапондар Шанхайдан шығатын кемелердің жүзіп шығуына тыйым салады. 

Өкінішке қарай, Қуантханның кейінгі тағдыры беймағлұм. 1936-1937 жылдары большевиктердің қо­лы­нан қаза табуы мүмкін немесе Қа­­рағандыдағы ГУЛАГ құрбаны бол­ды-ау деген дәйексіз болжамдар ғана бар. 

– Ал Францияға келгеннен кейін шешесі Тамара (кей жерлерде Та­тьяна) тіс дәрігері болса да жұмыс таба алмай біраз уақыт сандалады. Оның Шанхайдан алған дипломы жарамаған соң, бір кезде кәсіпқой тұрғыда ән айтумен әуес­тенгені есіне түсіп, Париждегі кон­серваторияға қайтадан оқуға түсіп, оны жақсы тәмамдайды. Тіпті оның П.Чайковскийдің 100 жылдығына арнап қойылған «Қарғаның мәткесі» операсында ән салғаны жайлы деректер бар. Кейін де ол сондағы орыс қауымына концерттер беріп, мейрамханаларда ән айтып табыс тауып келген, – дейді Берлин Иришев.

Автор былтыр ғана жазда Париж­дегі кәдімгі антикварлық дүкен­де суретші Леон Зейтлин сал­ған пор­треттің сатылып жатқанын көреді. Берлин Иришев сол сурет­ті өткен жылы Алматыдағы мемле­кет­тік Ә.Қастеев атындағы өнер музейіне бір айға қойғанын да бі­леміз. Осы кезде Алла Ильчунға деген отандық БАҚ өкілдерінің қызығушылығы оянып, бірқатар мақалалар да жарық көрді. 

Айтқандай, Алланың тірі кезінде салынған осы екі портреттің бірін жәдігер деп білген дұрыс. Өйткені оның даңқы шарықтап тұрғанда кә­сіпқой фотографтар айналасында шыбындай үймелеп жүргендіктен, еш­кімнің де басына оның суретін салу келе қоймайды. Ал Леон Зейт­линге келсек, ол Алла екеуі тағдыр­лас болған. 

Әңгіменің бәрі осы жерден бас­талады. Алла Ильчунның портреті Ә.Қастеев музейіне қойылғаннан кейін әлеуметтік желіде қызу пікір­талас туып, оның тегі кім деген сұрақ туады.

Көзі тірісінде «орыс қытайы» атанса да, оның қытай тілін тіпті білмегені  және аты-жөні де бұл ұлтпен байланыспайтыны аян. 

Осыдан кейін Берлин Иришев ішкі түйсікпен оның алдымен моласын табуға шешім қабылдайды. Оның баласы мен күйеулері туралы ақпараттың тым аздығы қолбайлау болғанымен, Facebook арқылы алдымен баласы Марк де Дюльмен табылады. Ол өзін іздестірген сауалға жауап ретінде жалғыз «смайлик» жібергенімен, 90 күнге дейін үнсіз жатып алған. 

Мұнан кейін де Алла Ильчун туралы барлық мәліметті «қасық­тап» жинауға тура келді дейтін автор, осы кітапты жазу мен зерттеу барысында мистикалық оқиғалар мен сәйкестіктердің жиі кездескенін айтады. Мәселен, Марк де Дюльмен анасының қабірі табылған күні ғана Берлин Иришевқа хабарласып, өзінің Алла Ильчунның баласы екендігін мойындайды. Содан кейін Маркпен кездесу белгіленген Париж мейрамханасы оның бір кезде әке-шешесі махаббатқа мас болып, ұлдарын жаратқан үйдің дәл қарсы бетіне орналасқан болып шығады.

Франциядағы қазақстандықтар қауымдастығы да Алланың ұлын кездесуге абайлап көндіреді. Қысқасы, Алла Ильчун Парижде Фридерик Шопен, Эдит Пиафтармен қатар жерленген. Бірақ кейін бір түнде оның сүйегі басқа жерге ауыстырылып, тек қана қабірінде «Алла» деген жазу пайда болады. Кейінірек бұл Алланың жатқан жері екендігі дәлелденген. 

Бұл кезде қауымдастық мүше­лері өте сақ әрі ұстамды Марктің кө­­мегінсіз, өз беттерінше ақпа­рат­тарды жинастыра берген. Әйгілі модель туралы біраз мәлімет жиналғаннан кейін ғана Марк бұл іске араласуға ықылас таныта бастаған көрінеді. 

Қысқаша айтқанда, атақты модель Марктің әкесінен ажырасып кеткеннен кейін 19 жылдан кейін Игорь Мухинге тұрмысқа шығады. Алла өмірден озар алдында Игорь Мухинмен де ажырасады. 62 жасында  яғни 1989 жылы 6 наурызда тауда шаңғы теуіп келгеннен кейін қайтыс болады. Қызы кеткеннен кейін анасы Тамара Михайловна Мухиннен Алланың жеке заттарын қайтарып беруді сұраса керек. Бұрынғы күйеуі бұл заттар оның өмірінің бір бөлшегі екендігін айтып, қайтарып беруден бас тартады. Өкінішке қарай, Алла Ильчунның бар дүниесі Мухиннің көңілдесінің қолында кеткен. 

Автормен бұл ақпараттарды бөлі­сіп отырған сән тарихшысы Жан-Ноэль Ли. Кітаптың құрастырылуына мода шежіресін көп зерттеген, Алланың фотоларын жинаумен айна­лысқан Александр Васильев те көп көмектескен. 

Өмірінің соңында қайта танымал­ды­лыққа ие болған Алла Ильчун күріш экспорттайтын қытайлық компанияда жұмыс істейді. Ал оның жеке заттары мен киімдері Лимде (Перу) сатылған. Бұл сол баяғы Мухиннің көңілдесі ұрлаған заттар ма, әлде Алла оларды Оңтүстік Америкада Париждегі байланыстарын пайдаланып, өзі сатқызды ма, бұл енді жұмбақ.  

Сонымен Алла Ильчунның әкесі шы­нында да қазақ па деген­ сұ­раққа келсек, жоғарыдағы кітап­ты жинақтауға бел шешіп кі­ріс­кен­ отан­дастарымыз Марктің ше­ше­сінің отбасылық альбомына қол жеткізгенге дейін ерен еңбек сіңірген деуге болады.

Тамара Михайловна отбасылық альбомнан Алланың әкесінің барлық фотоларын неге жыртып алып тас­тағаны өзіне ғана мәлім. Тек арт жағынан түсірілген, ат ұстап тұрған суреті ғана сақталған. Ол суретте қазақша шапан мен бөрік киген адам тұр. Ал құжаттар бұл кісінің Верный қаласында  1897 жылы туғанын, байдың баласы, Ресейде инженерлік білім алғанын, зиялы болғанын айғақтайды. 

Қилы-қилы тағдыр бар, не де­сек те Алла Ильчун өмірінің со­ңында ресейлік әйгілі өнертанушы Александр Васильевті фотографсыз шақырып алып, әкесінің қазақ, шешесінің Петербургтен шыққан орыс екендігін мойындап, жазғызған. 

Парижде ыдыс жуушы бола жү­ріп, кездейсоқ, әлі танымал болып үлгермеген Кристиан Диордың кас­тингіне сырқаттанып қалған құр­бысының орнына қатысып, жолы бол­ған Алла Қуантханқызы ерекше сымбатымен, бес тілді бірдей мең­герген интеллектуалдығымен Еуропаны өзіне қаратып кеткен жан. 

Еуропаның мода әлеміне бөлек болып келіп, ерек болып өткен Алла Ильчун сән әлемінің қайта тумайтын тұлғасы болып қала беретіні сөзсіз.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Egemen Qazaqstan» 

АЛМАТЫ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

26.03.2019

Қостанайдың аудандары мен қалаларында елорданың жаңа атына орай акция өтті

26.03.2019

Қостанай облысында полицейлер азаматтық алып берді

26.03.2019

Сенат Төрағасы Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі Төрағасымен телефон арқылы сөйлесті

26.03.2019

Мамандар Қаламқастағы апат зардабын өрт ауыздықталған соң анықтамақ

26.03.2019

«Қаламқас» кен орнындағы жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды

26.03.2019

Сыртқы істер министрінің орынбасары тағайындалды

26.03.2019

Мен кешегі шалдарды түгел көрдім

26.03.2019

Қазақстан мен Вьетнам арасындағы өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы заң жобасы қаралды

26.03.2019

Сенат комитетінде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралызаң жобалары қаралды

26.03.2019

Ақтамберді жыраудың басына кесене орнатыла ма?

26.03.2019

Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті

26.03.2019

Ержан Жылқыбаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды

26.03.2019

Алмат Мадалиев Әділет вице-министрі қызметіне тағайындалды

26.03.2019

#NurOtanTrends пікірталас алаңының кезекті отырысы өтті

26.03.2019

Францияның Бас Консулдығы «Франция мәдениеті» байқауын ұйымдастырды

26.03.2019

Алматыда алғашқы «Қыз Жібек аруы» байқауы өтті

26.03.2019

Академик Асқар Жұмаділдаев жасырған есебін шығарған СДУ студентіне 100 доллар сыйақы берді

26.03.2019

Байқау жеңімпаздары оңтүстікті аралайды

26.03.2019

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Алматы қаласына барды

26.03.2019

Нұр-Сұлтан – Токио бағытында рейс ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу