Елбасы барлық уақытта халықтың әл-ауқатын арттыруға назар аударды - ҚР Президентінің баспасөз хатшысы

Мемлекет басшысы барлық уақытта да әлеуметтік саланы жаңғырту және халықтың аз қамтылған тобына қолдау көрсету шараларын тиімді жүзеге асыру маңыздылығына назар аударды деп атап өтті ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай.

Егемен Қазақстан
14.02.2019 2394
2

«Бұл бағытта ақпан айының басында Президенттің тапсырмасымен азаматтардың табысын арттыру, тұрмыс сапасын жақсарту және көпбалалы отбасыларға қолдау шараларын күшейту жөніндегі жұмыс тобының құрылуы маңызды қадам болды.  Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс тобының алдына аталған санаттағы азаматтардың проблемалық мәселелерін шешу үшін республикалық бюджеттен қосымша резервтер табу және нақты тетіктер әзірлеу  тапсырмасын жүктеді», - деп атап өтті Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы.

Ол халықты әлеуметтік қолдауды кеңейту бойынша ұсынылып отырған шаралар топтамасының  мәні неде екендігін де жеткізді.

«Мемлекет басшысы бірінші кезекте атаулы әлеуметтік көмек алуға қолжетімділікті жеңілдету және  көпбалалы отбасылар үшін жәрдемақы төлемдерін жетілдіру, сонымен қатар айрықша қажеттілігі бар көпбалалы отбасыларға муниципалды жалдамалы пәтерлердің қолжетімділігін арттыру мүмкіншілігін қарастыру бойынша шаралар қабылдауды тапсырды. Бұл ретте орталық және жергілікті атқарушы органдар, өңір әкімдері бұл салада тиісті бақылауды жүзеге асыруы тиіс. Бұған қоса, Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз етуге басымдық бере отырып, барлық деңгейдегі бюджеттік шығыстардың басымдықтарын қайта қарау қажеттігін көрсетті. Мәселен,  бірқатар өңірдің және республикалық маңызы бар қалалардың басшылары көпбалалы отбасыларға және өзге де көмекке мұқтаж азаматтарға нақты көмек көрсету үшін қосымша мүмкіншіліктер мен резервтер тапты», - деді Айдос Үкібай.

«Бұл жұмыс  барлық бейінді мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың белсенді қатысуымен жалғасады деп ойлаймын. Өз кезегінде, Президент Әкімшілігі Мемлекет басшысы жүктеген міндеттердің орындалу барысын қатаң қадағалайтын болады», деп атап өтті баспасөз хатшысы.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.03.2019

Мемлекеттер басшылары Қасым-Жомарт Тоқаевты Президент лауазымына кірісуімен құттықтады

21.03.2019

Қазақстан Шотландияны 3-0 есебімен ұтты

21.03.2019

Н.Назарбаев пен Қ.Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

21.03.2019

Н.Назарбаев Армения Президенті Армен Саркисянмен телефон арқылы сөйлесті

21.03.2019

Назарбаев Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

21.03.2019

Қазақстан-Испания экономикалық ынтымақтастық Мадридте талқыланды

21.03.2019

Назарбаев пен Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

21.03.2019

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Наурыз мерекесіне орай құттықтауы

21.03.2019

Ономастика комиссиясы Қостанайдағы Абай даңғылының орнына басқа көшені таңдауды ұсынды

21.03.2019

Қостанайда  халықаралық медиа форум өтті

21.03.2019

Елордада Наурыз мерекесі тойланды

21.03.2019

«Астана Опера» Наурызды жаңа форматта атап өтті

21.03.2019

Біз астаналықтар болып қала береміз - Бақыт Сұлтанов

21.03.2019

Таразда сауықтыру орталығы ашылды

21.03.2019

Әулиеатадағы әсерлі мереке

21.03.2019

Тараз қаласында жастарға арналған аллея ашылды

21.03.2019

Ономастикалық комиссия көше атауларының өзгеруін қолдады

21.03.2019

Назарбаев пен Тоқаев Наурыз мейрамына қатысты

21.03.2019

Наурыз мейрамын ЮНЕСКО-да атап өтті

21.03.2019

Наурыз мейрамында шаңырақ көтерген жастарға Нұрсұлтан Назарбаев ақ батасын берді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу