Қазақстан • 14 Ақпан, 2019

Шаңғышылар Австрияға аттанады

608 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

20 ақпан мен 3 наурыз аралығында Австрияның Зефельд-ин-Тироль қаласында шаңғыдан әлем чемпионатының жалауы желбірейді. 

Шаңғышылар Австрияға аттанады

Айтулы жарыста Қазақстанның ерлер мен әйелдер құрама командалары бақ сынайды. Жерлестеріміз 6 жаттығу бойынша, яғни еркін тәсілді спринт, дуатлон, командалық спринт, классикалық тәсіл, эстафета және масс-стартта өнер көрсетеді.

Австрияда ел намысын Алексей Полторанин, Николай Чеботько, Виталий Пухкало, Евгений Величко, Олжас Климин, Дәулет Рақымбаев, Денис Волотка, Анна Шевченко, Валерия Тюленева, Ирина Быкова, Елмира Мұтағарова және Марина Матросова сынды спортшылар қорғайды.

Әлем чемпионатының бағдарламасы мынадай:

21.02.2019 — Спринт, еркін тәсіл, әйелдер мен ерлер
23.02.2019 — Скиатлон, әйелдер мен ерлер
24.02.2019 — Командалық спринт, әйелдер мен ерлер
26.02.2019 — 10 шақырымдық классикалық тәсіл, әйелдер
27.02.2019 — 15 шақырымдық классикалық тәсіл, ерлер
28.02.2019 — Эстафета, әйелдер
01.03.2019 — Эстафета, ерлер
02.03.2019 — Масс-старт, 30 шақырым, еркін тәсіл, әйелдер
03.03.2019 — Масс-старт, 50 шақырым, еркін тәсіл, ерлер.


Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»

Соңғы жаңалықтар