Жекпе-жек • 15 Ақпан, 2019

Қазақстан таеквондошылары Түркиядағы халықаралық турнирде 4 алтын жеңіп алды

732 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркияның Белек қаласында өтіп жатқан таеквондодан «Turkish Open» халықаралық турнирінде Қазақстан кадеттер және жастар құрамасы 4 алтын медаль жеңіп алды деп хабарлайды Olympic.kz

Қазақстан таеквондошылары Түркиядағы халықаралық турнирде 4 алтын жеңіп алды

Кадеттер арасында Әмір Салиханов пен Эльназ Нажимова алтын жүлдегер атанса, Нұрғиса Сағадатов финалда сүрінді. Арайлым Асқарова мен Эмиля Папкованың еншісінде қола медаль бар. 

Жастар құрамасы сапынан түркістандық Аманбол Бегімбетов пен Алматы облысының өкілі Мейір Нұрғазин қарсылас шақ келтірмеді. Самирхан Абабәкіров (Шымкент) күміс медаль иеленсе, Ұлықбек Мәжитов (Түркістан обл), Наргиза Қойшыбекова (Тараз), Арайлым Тасболат (Түркістан) және Зиода Ирисметова (Шымкент) қола жүлдегерлер қатарында. 

Түркиядағы ірі халықаралық турнирге кадеттер арасынан 262, жастар арасынан 561 спортшы бақ сынағанын айта кеткен жөн.