Аймақтар • 15 Ақпан, 2019

Қарағанды облысында әке мен бала иіс тиіп қайтыс болды

432 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысындағы Нұра стансасында әкесі мен баласы түн ішінде иіс тиіп, қайтыс болды.

Қарағанды облысында әке мен бала иіс тиіп қайтыс болды

Отбасы мүшелері түнде бықсыған түтіннің өткір иісінен оянған. Бұған себеп – шала жанған күл деп ойлаған олар пешті тазалағаннан кейін  қайта жатқан. Алайда, улы газ үйдің барлық бөлмелеріне тарап, соның кесірінен 40 жастағы ер адам мен оның 10 жасар ұлы иіс тиіп қайтыс болды. Ал үйдің отанасы дер кезінде тысқа шығып үлгеріп, аман қалған.

Қайрат ӘБІЛДА,

«Егемен Қазақстан»

Қарағанды облысы