Қазақстан • 15 Ақпан, 2019

Ертең Қазақстанның 3 облысында бұрқасын күтіледі

467 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазгидромет РМК 16-18 ақпанға арналған ауа райы болжамын хабарлады.

Ертең Қазақстанның 3 облысында бұрқасын күтіледі

«Атлантикалық циклонмен байланысты болатын оңтүстік циклондар мен атмосфералық фронттардың әсерінен Сібір антициклонының сілемдері бұзылады. Бұл Қазақстанның көптеген облыстарында ауа райының қолайсыздығына алып келеді. Демалыс күндері және дүйсенбі күні республиканың батыс, солтүстік, орталық және шығыс облыстарында қар жауып, боран, күшті батыс жел күтілуде. Оңтүстік, оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс облыстарында жауын-шашын, жаңбыр, сулы қар, көктайғақ күтілуде. Қазақстанның барлық аумағында тұман сақталады. Ауа температурасы климаттық нормадан 2...5 градусқа жоғары болады», делінген хабарламада.

Таңертең және күндіз 16 ақпанда Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Сондай-ақ оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ, түнде солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с  күтіледі.              

Орал қаласында 16 ақпанда бұрқасын, тұман, көктайғақ, түнде солтүстік-батыстан, батыстан 18 м/с желдің күшеюі күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша кей жерлерде бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с күтіледі.

Петропавл қаласында күндіз 16 ақпанда бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95 %