Сапарбаев: Бірде бір бала назарсыз әрі қамқорсыз қалмауы керек

Ақтөбеде қиын жағдайға тап болған балаларды қолдайтын «Аяла» орталығы ашылды. Мекеме Алға балалар үйі мен кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының бірігуінен құрылған. Бұл өңірде балалар үйі тәрбиеленушілерінің саны азайғандығына байланысты.

Егемен Қазақстан
16.02.2019 6258
2

16 ақпан, сенбі күні облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жұмыс сапары кезінде жаңа Орталықта болды.

Өңір басшысы жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған балалардың аталмыш мекемедегі тұрмысымен және тәрбиесімен танысты, орталықтың басшылығымен, педагогикалық ұжымымен және тәрбиеленушілерімен кездесті.

«Балалар – Қазақстанның болашағы, сондықтан біздер – ересектер сіздердің лайықты тәрбие алып, дамуларыңыз үшін бәрін жасауымыз қажет. Біздің облыста барлық тиісті шаралар қабылданып жатыр. 2018 жыл Бақытты балалық жылы болып жарияланған болатын. Сіздер ата-анасыз қалғандырыңыз үшін кінәлі емессіздер. Бірақ сіздер құрдастарыңыз секілді жақсы білім мен тәрбие алуларыңыз керек. Сабақты жақсы оқып, спортпен, өнермен айналысып, тәртіпті болсаңыздар, міндетті түрде өмірде өз орындарыңызды тауып, Қазақстанның лайықты азаматы боласыздар. Біздің міндетіміз – сіздерге барлық жағдайды жасау. Келешекте ешбір бала мемлекет қамқорынсыз және қолдауынсыз қалмауы керек. Елбасының әлеуметтік саясаты соған бағытталған»,- деді ол орталық тәрбиеленушілерімен әңгіме кезінде.

Облыс әкімі мекемеге спортпен жаттығу құрылғысын тарту етіп, балаларға сыйлықтар мен тәттілер берді.

Орталықта балаларды тәрбиелеуге және оқытуға, бос уақыттары мен демалысын ұйымдастыруға, медициналық, психологиялық қолдау көрсетуге қажетті жағдайлар жасалған. Ұстаздар мен психологтар балаларға мамандық таңдауға, өз бетімен өмір сүруге көмектеседі. Орталыққа 3-18 жас аралығындағы балалар қабылданады. Бүгінгі таңда мұнда 33 тәрбиеленуші тұрады.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.03.2019

5 баланы құтқарған азамат Ішкі істер министрінің бұйрығымен марапатталды

18.03.2019

Елбасының азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы тапсырмаларын орындау мәселелері талқыланды

18.03.2019

Индонезияда су тасқыны салдарынан 63 адам қаза тапты

18.03.2019

Мемлекет басшысы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына барды

18.03.2019

«Жетісу» телеарнасы 20 жылдығын атап өтеді

18.03.2019

Жетісу кәсіпкерлері жақсылық жасаудан жарысып жатыр

18.03.2019

Түркі Академиясының 2019 жылғы жұмыс жоспары бекітілді

18.03.2019

Е. Алпысов Ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды

18.03.2019

Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі тағайындалды

18.03.2019

Астана әкімдігі халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдаудың жаңа 13 шарасын ұсынды

18.03.2019

Елбасы Астана қаласында салынатын жаңа мешіттің іргетасын қалау рәсіміне қатысты

18.03.2019

Көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік қолдаудың қосымша шаралары жарияланды

18.03.2019

Оңдасын Оразалин жол-көлік апатынан қаза болғандардың туыстарына көмек көрсетуді тапсырды

18.03.2019

Бокстан Марина Вольнованың жүлдесі үшін турнир өтті

18.03.2019

Калгариде конькишілердің қанжығасы майланды

18.03.2019

Көпбалалы аналар үшін баспана кезегі бөлек болады - Бердібек Сапарбаев

18.03.2019

2025 жылға қарай өнеркәсіптік тауарлардың өндірісі 2 есеге артады

18.03.2019

Түркістан: Сайрам ауданында кәсіпкер тәулігіне 10 тонна сүт өңдейді

18.03.2019

Астанада алдағы екі айда экологиялық науқандар өтеді

18.03.2019

Оқушылар арасында суицидтер саны 17,9 %-ға төмендеді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Suranys kо́p, qoldaý kem

О́z elimizde óz tilimizdiń kenje qalǵanyn jasyra almaımyz. Eń basty másele – onyń qoldaný aıasy tarylyp ketti. Bul kemshilikti eńserý úshin qazaq tilin jańǵyrtý qajet. Qalaı? Mine, bul kimdi bolsa da tyǵyryqqa tirep, oılandyratyn úlken suraq. Biraq onyń sheshimin búgingi tańda memlekettiń ózi usynyp otyr. Bar másele, osyny arqaý etip, zańdy qoldaýǵa qajettilik týǵyzý. Ol úshin ne istegen jón?

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу