18 Ақпан, 2019

Қазақстан мен Еуроодақ: ынтымақтастықты күшейту жолындағы жаңа бағыттар

390 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Жуырда Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов ЕО елшілерімен Астанада кездесу өткізді. Іс-шара барысында Қазақстан-Еуропа өзара әрекеттесу мәселелерінің кең ауқымы, оның ішінде саяси және сауда-экономикалық салаларындағы әріптестікті тереңдету перспективалары қаралды.

Қазақстан мен Еуроодақ: ынтымақтастықты күшейту жолындағы жаңа бағыттар

Министр өз сөзінде Қазақстан белсенді және тұрақты саяси диологпен сипатталатын Еуропалық одақпен қалыптасқан достық қатынастарды,  Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылдың қазанында Брюссельде өткен Азия-Еуропа Форумының 12-ші саммитіне қатысуы және оның ЕО елдерінің көшбасшыларымен кездесулерін оң бағаланғандығын атап өтті.

Кездесуде жуырда өз күшіне толық енуі тиіс Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы Келісімді (КӘЫК) тиімді іске асыру мәселесіне басты назар аударылды. Қатысушылар КӘЫК ынтымақтастықтың 29 саласында өзара іс-қимылдың жаңа мүмкіндіктерін ашатыны туралы ортақ пікірге келді.

Сыртқы саяси ведомствосының инвестицияларды тарту және экспортты жақсарту бойынша алға қойылған міндеттерді іске асыру үшін  күн тәртібінің негізгі мәселесі ретінде сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі нығайту және әртараптандыру болды. Атап айтқанда, Еуропалық одақ Қазақстанның ұзақ жылдардан бері сауда және инвестициялық серіктесі. 2018 жылдың 11 айдың нәтижесі бойынша тауар айналымы 34,4 млрд АҚШ долларын құрады (жалпы көлемнің 49%), ал Қазақстан экономикасына тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында 12,3 млрд АҚШ долларын құрады. Сонымен бірге, бүгінгі таңда еуропалық компаниялардың қатысуымен Қазақстанда жалпы құны 3 млрд доллор көлемінде 24 ауқымды инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.

   Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов «Бүгінде Қазақстан әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру мақсатын алға қойып отыр, ол үшін мемлекет инвестициялық және экспорттық бағыттағы ел экономикасын жаңғырту бойынша кешенді шаралар қабылдауда»,  деп атап өтті.

Іскерлік байланыстардың өсуі мен азаматтар арасындағы қарым-қатынастарды қамтамасыз етуді ескере отырып, жан-жақты өзара іс-қимылды дамыту мақсатында Қазақстан азаматтары үшін ЕО визалық режімін жеңілдету туралы мәселені тез арада шешу маңызды түрткі болатын. Осыған байланысты министр Еуропалық тарапты Қазақстан азаматтары үшін визалық режімді жеңілдету жөніндегі келіссөздерді бастау мәселесін тезірек шешу үшін қолдауға шақырды.

Сонымын қатар, тараптар Орталық Азия бойынша ЕО Стратегиясын жаңарту процесін талқылады. «Қазақстан бұдан да терең ынтымақтастықтың тиімді және көпфункционалды негізі болатын жаңа стратегияны іске асыруға белсенді түрде жәрдемдесуге дайын, құжат аймақ ішіндегі әріптестікті одан әрі нығайтуға ықпал етеді» - деді министр.

Бұдан бөлек, ЕАЭО-ЕО форматындағы өзара қарым-қатынасының перспективалары, Орталық Азиядағы аймақтық ынтымақтастық, «Белдеу мен жол» атты Қытай бастамасының шеңберіндегі өзара іс-қимыл және халықаралық күн тәртібінің басқа да мәселелері көтерілді.

Кездесу нәтижелері бойынша тараптар осындай форматтағы шараларды жиі өткізіп тұруға және тығыз жұмыс байланыстарын қолдауға келісіп, қазақстандық тараптың екі жақты ынтымақтастықты тереңдету бойынша диалогқа, жаңа ойлармен және ұсыныстармен бөлісуге дайындығы атап өтілді.

Мөлдір РЫСХАНҚЫЗЫ,

студент