Үкімет • 19 Ақпан, 2019

Қазпошта ел ішінде тасымалдау мерзімін 3 күннен 1 күнге дейін қысқартты - Дәурен Абаев

449 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет отырысында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы бойынша  атқарылған жұмыстар туралы мәлімдеме жасады. Министрліктің цифрландыру бағдарламасы бойынша тағы бір негізгі бағыты   – онлайн сауда жүйесін дамыту.   

Қазпошта ел ішінде тасымалдау мерзімін 3 күннен 1 күнге дейін қысқартты - Дәурен Абаев

Электронды сауда субъектілеріне қатысты заңдық тұрғыда салық жеңілдіктері қарастырылған. Бұл жеңілдіктерді е-коммерцияның 331 жаңа субъектісі пайдаланып үлгеріпті.   

«Қазір ақшасыз,   ұялы телефон арқылы қолма-қол есептесу   әлемдік трендтің бірі. Мәселен   2018 жылдың қараша айының соңында еліміздегі 6 банк пилоттық режимде осы сервиске қосылды. Сервистік қолдау көрсету және электрондық сауданы дамыту мақсатында Қазпоштаның базасында  3 фулфилмент орталығы ашылды» деді Д.Абаев.

Алматы, Астана және Ақтөбе қалаларында 1 миллионнан астам тапсырыс өңделген.   

Қабылданған шаралар   Қазақстан бойынша пошта арқылы тасымалданатын заттарды жеткізу мерзімін   3 күннен 1 күнге дейін,   ал халықаралық  тасымалдау мерзімін 25 күннен 15 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік береді.