Аймақтар • 20 Ақпан, 2019

Бауыржан Байбек: Алматыда 12 медициналық мекеменің басшылары жұмыстан қуылды

402 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда былтыр 12 медициналық мекеменің басшылары жұмыстан қуылды. Бұл туралы қала әкімі Бауыржан Байбек халықпен есепті кездесуінде мәлімдеді.

Бауыржан Байбек: Алматыда 12 медициналық мекеменің басшылары жұмыстан қуылды

«Халық санының өсуін ескере отырып, соңғы 3 жылда 12 жаңа аурухана мен емхана салынды. Президенттің тапсырмасы бойынша жұмысқа жаңа леп әкелген учаскелік дәрігерлердің жалақысы 20%-ға артты. Яғни, 3,5 мыңнан аса дәрігер мен медбикенің жалақысы көтерілді» деді Бауыржан Байбек.

Әкімнің айтуынша, қалалық медициналық ұйымдарда әлі де шешімін таппаған түйткілді мәселелер өте көп. Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлық, жариялылықтың жоқтығы, дәрі тағайындау, оның есебін жүргізу, медициналық қызметтің сапасына қатысты сауал көп.

«Былтыр медициналық мекемелердің басшыларына қатысты 29 тәртіптік шара қолданылды. 12 басшы қызметінен қуылды. Олардың екеуі жағымсыз себептермен кетті. Қалада денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыру мақсатында жол картасы қабылданды» деді қала әкімі.

Әкім қалалық денсаулық сақтау жүйесін бақылау кеңесіне мекеме басшылары мен бас дәрігерлер кірмейтінін айтты.

«Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы, сізге ескертемін. Осы картаның жүзеге асуына жауапкершілікті сіз өз мойныңызға аласыз» деді ол.