Аймақтар • 20 Ақпан, 2019

Ресейде оқып жүр, талай қазақ баласы

440 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысының бес жүзден астам түлегі Ресейдің техникалық оқу орындарында тегін білім алып жатыр.

Ресейде оқып жүр, талай қазақ баласы

Ресей Федерациясы есебінен грантпен оқып жатқан бұл жастардың дені облыс әкімдігінің қолдауымен қалаған оқу орнына қол жеткізген.

Бүгінде олардың алды оқуын бітіріп, елге оралып қызмет алуда. Солардың қатарындағы Гүлсезім Раушан Мәскеудің Ұлттық технологиялар университетінің түлегі.

- Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, оның орынбасарлары, басқарма басшылары Мәскеу немесе Санкт-Петербургке сапармен келе қалса, сырбойылық студенттерге соқпай кетпейтін. Бізбен әңгімелесіп, жағдайымызды сұрайды. «Ел сендерге сеніп отыр, Отанымыздың гүлденуіне үлес қосып, қызмет қыласыңдар» деп бізді қайраттандырады. Туған жерімізді сағынып жүрген бізге осылай үлкен қолдау білдіріп, бойымызға қуат бітіретін. Сапалы білім алуға мүмкіндік берді. Енді еңбек етуіміз керек, – дейді Гүлсезім.

Бүгінде ол Жаңақорған ауданындағы «СКЗ-U» серіктестігінде жұмыс істейді. Сырда туып, әлемдегі мықты мемлекеттердің бірінде білім алған жастар осылайша еліне еңбегін сіңіріп жатыр.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Egemen Qazaqstan»

Қызылорда облысы