20 Ақпан, 2019

Алматыда аз қамтылған отбасы балалары балабақшаларға тегін баратын болды

787 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда азқамтылған отбасы балалары балабақшаларға тегін баратын болады деді қала әкімі Бауыржан Байбек.

Алматыда аз қамтылған отбасы балалары балабақшаларға тегін баратын болды

«Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында аз қамтылған отбасылар үшін екінші баладан бастап балабақшаларға тегін баратын болады», - деді Б.Байбек бүгін халықпен есепті кездесу барысында. 

Бұл ретте, әкім атап өткендей, бұл былтырмен салыстырғанда мемтапсырысты 1,8 млрд теңгеге арттыру есебінен мүмкін болды. 

«Бәрімізге белгілі, ата-аналар балабақшалардағы балалардың тамақтануына ғана 18 мың теңге төлейді, қалған 27 мың теңгесін мемлекет субсидиялайды. Тек былтыр ғана мемлекет тапсырысы бойынша балабақшалардағы 51 мың орынға 16 млрд теңге бөлінді. Биыл бұл сома 1,8 млрд-қа көп», - деп атап өтті Б. Байбек.

Қала әкімі келтірген ақпар бойынша, бүгінде аз қамтылған отбасылардан шыққан 14 мың бала мектептерде ыстық тамақ ішеді, 3475 бала – мектеп формасын, 2333 бала - қаржылай көмек, 4050 бала жазғы демалыс лагерьлеріне жолдама алды.