Қоғам • 21 Ақпан, 2019

Пәтер алғысы келетіндерге пайдалы ақпарат

2492 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Пәтер алғысы келетіндерге пайдалы ақпарат

Бүгінде елімізде тұрғын үй мәселесін шешуге бағыт­тал­ған бірнеше бағдарлама бар. Мем­ле­кеттен субсидия алу ар­қылы «Нұрлы жер» бағдарламасы бо­йынша тұрғын үйге қол жеткізуге болады. Бағдарламаға Қазақстан Рес­­пуб­­ли­касының кез келген азаматы қатыса алады. Бұл үшін:

- банкке нарықтан бастапқы тұр­ғын үй сатып алу мақ­сатын­­да жеңілдетілген кредит алу үшін ипотекалық қа­рыз алуға құжат­тарды (бастапқы тұрғын үй­дің және өзі­нің жеке құжаттары) және субсидия алуға өтініш беруі тиіс; 

- ішкі құжаттарымен белгілен­ген процедураларға сәйкес банк төлем қабілеттілігін және ұсынған кепілдікті бағалайды; 

- ипотекалық қарыз беру туралы оңтайлы шешім қабылданған жағдайда, банк 3 жұмыс күні ішінде Қазақстан ипотекалық компаниясына субсидия беру туралы қолдаухат жолдайды; 

- Ипотекалық компания 5 жұ­мыс күні ішінде құжаттардың бағ­дарлама талаптарына сәй­кестігін тексереді және субсидия­лау туралы шешім қабылдайды; 

- шығарылған шешімнің негі­зінде банк қарыз алушымен банк­­тік қарызы, төлеу кестесін, ипо­текалық келісімін жасасады.

Бұл бағдарлама бойынша Астана, Алматы қалаларын­да­ғы тұрғын үйдің әр шаршы метрінің бағасы 180 мың тең­ге, ал еліміздің басқа аймақтарында 140 мың теңге болмақ. 

Бүгінде тұрғын үй бағдар­ла­ма­ларының ішіндегі ең тиімдісі – «Нұрлы жер» бағдарламасы. Өйткені несие мөлшерлемесі 5%. Сатып алатын үйіңіздің толық бағасының 20%-ын төлеп, 3 жылдан 25 жылға дейін несие алу мүмкіндігі бар. 

Одан бөлек, банктің құры­лыс компанияларымен бірлескен «7-20-25» бағдарламасы бар. Бұл бағ­дар­ламаның «Нұрлы жерден» айыр­машылығы – несие мөл­шер­лемесінің 7% болуында. Бұл бағдарлама «Банк ЦентрКредит», «АТФ Банк», «Еуразиялық Банк», «RBK Банк», «Халық Банк» сынды бірқатар банкпен серіктестік арқылы жүзеге асырылады. Толық соманың 20%-ы төленген тұрғын үйдің қалған ақысы 25 жылға дейін аталған банк­тер арқылы несиеге беріледі. 

Жоғарыда айтылған бағдар­ламалар арқылы үй алу үшін ҚТҚЖБ банкінің салымшысы болуы қажет. Банк депозиттерінің көлемі әртүрлі. Соған байланысты ай сайынғы жарнаның да мөлшері белгіленген. 

Дайындаған Светлана ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ,

«Egemen Qazaqstan»

Соңғы жаңалықтар