Әлем • 21 Ақпан, 2019

Қазақстандық гимнастар Мельбурндегі әлем кубогі кезеңіне қатысуда

437 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Австралияның Мельбурн қаласында спорттық гимнастикадан әлем кубогі кезеңі басталды. Бүгін, 21 ақпан күні, спортшылар іріктеу кезеңдеріне қатысады деп хабарлайды Olympic.kz

Қазақстандық гимнастар Мельбурндегі әлем кубогі кезеңіне қатысуда

17-25 ақпан аралығында өтетін кубоктік кезең Олимпиада ойындарына іріктеу жарыстарының бірі болып саналады. Мельбурндегі додаға Қазақстан сапынан Милад Карими, Нариман Курбанов және Аким Мусаевқатысуда. 

Қыздар арасындағы бәсекеде Аида Бауыржанқызы мен Жанерке Дүйсек бақ сынайды. 

Қазақстан командасы әлем кубогі кезеңіне дайындықты Ресейдің Пенза қаласында өткізді. 

«Өткен жылы Нариман Курбанов ат снарядындағы жаттығу бойынша осы турнирдің алтын медалін еншілеген. Биыл Пензада өткен жаттығу жиынында ол өз бағдарламасын одан әрі қиындатып, Е элементін қосты.   Мельбурндегі әлем кубогі кезеңіне Милад Карими мен Аким Мусаев та қатысады. Карими еркін жаттығу, қол тіреп секіру, керме мен қолсырықтағы жаттығуда бақ сынайды. Өткен жылы Милад қолсырықтағы жаттығудан ауыр жарақат алып, біраз үзілістен кейін ғана қатарға қосылғанын көпшілік ұмыта қойған жоқ. Мусаев еркін жаттығуда, қол тіреп секіру, ат пен қоссырықтағы жаттығуда сынға түседі», - дейді бас бапкер Александр Ким.