Білім • 21 Ақпан, 2019

Қоғамға көмектесетін инклюзивті инновациялар

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

22 ақпанда «Инклюзивті инновациялар консорциумдары» гранттық бағдарламасы бойынша жобалар іріктелетін болады. Бұл туралы Дүниежүзілік Банктің «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын басқару тобының баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғамға көмектесетін инклюзивті инновациялар

Инклюзивті инновациялар бағдарламасының мақсаты - халыққа маңызды, тікелей әлеуметтік ықпал ететін әр түрлі бағыттардағы инновациялық жобаларды құру және енгізу мақсатында ғылым мен бизнесті біріктіру.

Мемлекеттік саясаттың негізгі басым бағыты - әлеуметтік бағдарламалар арқылы Қазақстан халқының өмір сүру сапасы мен деңгейін арттыру. Алайда, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуда өмір сүру деңгейін арттыратын технологиялар мен инновацияларды әзірлейтін ғылым мен инновациялардың рөлі де өте маңызды.

Инклюзивті инновациялар – қала және ауыл халқының, халықтың әлеуметтік осал және қамтылмаған топтарының өмір сүру деңгейін жақсарту үшін мүмкіндіктер жасайтын, сапалы тауарлар, жұмыс және қызметтерге ұзақ мерзімді және тұрақты негізде елеулі ауқымда қолжетімділікті қамтамасыз ететін инновациялар.

Комиссия мүшелерінің қатарында БҒМ Ғылым комитеті төрағасының орынбасары Р.Нурсеитов, БҰҰ Даму Бағдарламасы, UNICEF, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы, Білім және ғылым министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі және т.б. мемлекеттік және халықаралық ұйымдардың өкілдері болады.

Өткізілетін күні мен орны: 22 ақпан, сағат 16:00-де, Астана қаласы, Тәуелсіздік, 41, 506 кеңсе. «Silk Way» БО