Спорт • 22 Ақпан, 2019

Қазақстанның баскетболшылары Австралиядан ұтылды

389 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлем чемпионатының Азия аумағы бойынша іріктеу турнирінде күш сынасып жүрген Қазақстанның баскетболшылары өз алаңында Австралиядан ұтылды. 

Қазақстанның баскетболшылары Австралиядан ұтылды

Астанадағы «Сарыарқа» спорт кешенінде өткен бәсекеде «F» тобының фавориті саналатын жасыл құрлық өкілдері біздің жігіттерге қарағанда әлдеқайда ширақ ойнап, қажетті нәтижеген қол жеткізді. Бұл матч 81:60 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді. Қазақстан құрамасы сапында ең нәтижелі ойын өрнегін көрсеткен америкалық легионер Энтони Клеммонс. Ол 31 ұпайды еншіледі.

Өзінің келесі кездесуін жерлестеріміз енді 24 ақпанда Филиппин құрамасына қарсы өткізеді. Бұл матч та Астанада өтеді.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»

Соңғы жаңалықтар