Қазақстан • 22 Ақпан, 2019

Алматы облысында бекіре тұқымдас балық өсіріледі

770 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Панфилов ауданындағы Өсек өзені бастауын Алатау бөктерінен алады. Әдетте тау суының арыны қатты болатыны анық, бірақ табиғи таза да мөлдір өзен бойында балық шаруашылығын дамытуға еш кедергі жоқ екен.

Алматы облысында бекіре тұқымдас балық өсіріледі

Аудандағы «Kaz-Aqua» серіктестігінің мамандары бұл мәселенің шешімін тауыпты. Шаруашылық өзен суына артизан құдықтың суын қосып, балықтың қалыпты өмір сүруіне қолайлы жағдай жасап қойған. Қазір мұнда  бекіре тұқымдас балықтың бірнеше түрі қолдан көбейіп жатыр. 

«Kaz-Aqua» балық шаруашылығының қарамағында 2 балық өсіру базасы бар екен. Бұл жерде 15 адам бекіре балығын балаша «бағып-қағып», тұқымын көбейтумен айналысады. Тау суы мен жерасты суының құрамы әсіресе фарель балығының уылдырық шашуына қолайлы екен. Қазір табиғи жолмен көбейген балықтың саны өсті. Нәтижесінде аумақтағы балық пен балық өнімдеріне сұраныс өтеліп, табыс артып келеді. Шаруашылық балықтың қорегіне қажетті қоспаны шетелден алдырады екен.

- Жылына 100 тонна балық өнімдерін дайындауды жоспарлаған «Kaz-Aqua» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі алдағы уақытта балық өнімдерін қайта өңдейтін цех салмақшы. Сондай-ақ, болашақта арнайы туристік аймақ ашылып, келген қонақтарға балық аулайтын мүмкіндік қарастырылады. Енді Жазиралы Жаркент өңірінде Каспийге бармай-ақ бекіре балығын аулауға мүмкіндік бар, - деді бізді балық шауашылығының жай-күйімен таныстырған Панфилов ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Нұрбол Қанағат.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар