Қазақстан • 22 Ақпан, 2019

Асыл тұқымды 5 мың сиыр әкеледі

617 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таяуда «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы Нар­мұхан Сарыбаевтың Мәскеу қаласына жұмыс сапары бары­сында Брянск ет компаниясымен (БЕК) қазақстандық ауыл­шаруа­шылық тауар өндірушілеріне 5 мың бас абердин-ангус асыл тұқымды малдарын жеткізу туралы келісімшартқа қол қойылды.

Асыл тұқымды 5 мың сиыр әкеледі

Келісімшарт аясында бар­лық ветеринарлық-карантиндік және эпизоотиялық-профи­лактикалық іс-шараларды жү­зеге асыру ескерілген.

Брянск ет компаниясы Ресейдегі жетекші ет өндіруші – «Мироторг» агроөнеркә­сіп холдингінің құрамына кіре­ді. БЕК-тің өнімдері жоғары халық­аралық стандарттарға сәйкес. Компания малды гене­тика­лық түрлендірілген қоспа­лар­ды, антибиотиктерді, гормондарды және өсуді тездететін қоспаларды пайдаланбай, өздерінің таза жемшөптерімен өсіреді.

Сонымен қатар осы ке­лі­­сімнің аясында биылғы көк­­темде Ақмола облысындағы «AiZet Farms» ет өңдеу зауыты­мен 1000 бас асыл тұқымды мал жеткізу туралы, «МТС «Жай­ма» ЖШС-мен (Павлодар об­лы­сы) Аграрлық несие корпо­ра­циясының қарыз алушыларына арналған 5 мың ірі қара мал басын осы жазда жеткізу жөнінде операторлық келісімшарттарға қол қойылмақ. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ,

«Egemen Qazaqstan»