Қазақстан • 25 Ақпан, 2019

Шығыс Қазақстанда қар көшкініне байланысты жол жабылды

313 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін сағат 12:00-ден бастап Өскемен - Таулы Үлбі - Солтүстік автомобиль жолында қарды алдын ала көшіру жұмыстары басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл туралы ҚазАқпарат ХАА хабарлады. 

Шығыс Қазақстанда қар көшкініне байланысты жол жабылды

«Автомобиль жолының 30-37 километрлері арасындағы учаскеде қар көшірілетіндіктен, жол уақытша жабылды», - деп мәлімдеді облыстық төтенше жағдайлар департаменті. Соңғы екі күнде өңірдегі бес учаскеде алдын ала қарды көшіру жұмыстары жүргізілген. Облыстағы таулы аймақтарда қыс басталғалы бері 25 рет қар көшірілгеніне қарамастан, көшкін қаупі сақталып отыр.