Теннис • 25 Ақпан, 2019

Михаил Кукушкин тұңғыш рет үздік 40 теннисшінің қатарына енді

336 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин АТР әлемдік рейтингінде тұңғыш рет алғашқы 40 спортшының қатарына кірді деп жазады Olympic.kz. 

Михаил Кукушкин тұңғыш рет үздік 40 теннисшінің қатарына енді

Марсельде өткен АТР 250 турнирінің финалына жеткен ол өз көрсеткішін жақсартып, АТР рейтингінде 39-шы орынға көтерілді. Марсельдегі турнирдің жартылай финалында ол франциялық Уго Умберді ұтқан болатын. 

Финалдық кездесуде Кукушкин грекиялық Стефанос Циципастан екі сет қорытындысы бойыншы жеңіліс тапты. 

Михаил Кукушкин бұрын-соңды үздік 40 теннисшінің қатарына енбеген болатын.