Қазақстан • 26 Ақпан, 2019

Банк ВТБ (Қазақстан) Мәскеу биржасының валюта нарығындағы сауда-саттыққа тікелей қол жеткізді

453 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2019 жылғы ақпан айынан бастап Банк ВТБ (Қазақстан) Мәскеу биржасының валюта нарығындағы сауда-саттыққа тікелей қол жеткізді. Мәскеу биржасының валюталық нарығы ЕАЭО мүше-мемлекеттердің интеграцияланған валюта нарығының ең өтімді сегменттерінің бірі болып табылады. Өз кезегінде оған қатысушыларға қолжетімді құралдардың кең спектрін ұсынады. Бұл туралы бүгін Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ баспасөз қызметі хабар таратты.

Банк ВТБ (Қазақстан) Мәскеу биржасының валюта нарығындағы сауда-саттыққа тікелей қол жеткізді

«Еуразиялық экономикалық одақ (БЭЖ) аясындағы қаржылық өзара іс-қимыл аймақтың экономикалық тұрақтылығын сақтау үшін үлкен маңызға ие. БЭЖ-ге қатысушы елдердің валюталық нарықтарына қолжетімділікті ұлғайту – бұл еуразиялық кеңістікте бизнес-байланыстарды нығайтып, өзара тиімді ынтымақтастықты дамытудың тағы бір сәтті қадамы. ВТБ (Қазақстан) Банкінің алдында Мәскеу биржасының валюта нарығына тікелей шығу үшін ашылатын жаңа мүмкіндіктер біздің клиенттерімізге арналған өнім желісі мен сервисті жақсартуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Банк ВТБ (Қазақстан) Басқармасының Төрағасы Дмитрий Забелло.

Бүгінгі таңда Мәскеу биржасының валюталық нарығына Еуразиялық экономикалық одақтың бес елінен (ЕЭО/ЕурАзЭҚ) 14 банк тікелей қатынау рұқсатына ие, оның ішінде екі халықаралық қаржы институты: Мемлекетаралық банк және Еуразиялық Даму Банкі (ЕАДБ). Олардың жиынтық сауда айналымы 2018 жылы 2017 жылмен салыстырғанда үш есеге өсіп, 1,9 трлн рубльге жетті.

Қазіргі уақытта Мәскеу биржасының валюта нарығында сонымен қатар «АҚШ доллары – Ресей рублі», «Еуро – Ресей рублі», «Қытай юані – Ресей рублі», «Еуро – АҚШ доллары», «Гонконг доллары – Ресей рублі», «Жапон йені – Ресей рублі», «фунт стерлинг – Ресей рублі», «фунт стерлинг – АҚШ доллары», «Швейцария франкі – Ресей рублі», «Швейцария франкі – АҚШ доллары», «Түрік лирасы – Ресей рублі», «Түрік лирасы- АҚШ доллары», «Беларусь рублі – Ресей рублі», «Қазақстан теңгесі – Ресей рублі» жұптары бойынша сауда-саттық өтуде. 2018 жылдың қорытындысы бойынша валюта нарығындағы орташа күндік сауда көлемі 22 млрд. АҚШ долларын құрады.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

АЛМАТЫ