Спорт • 26 Ақпан, 2019

Алматыда муайтайдан жарыс өтті

661 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда муайтайдан ерлер мен балалар арасында дүбірлі жарыс өтіп, түрлі салмақ дәрежелері бойынша мықтылар анықталды. 

Алматыда муайтайдан жарыс өтті

Қазақстанның жекпе-жек өнері қауымдастығының бас хатшысы Фархат Аманқұлов: «Муайтай – өте күрделі спорт түрі. Бұл өнерде спортшының дайындығы мен шеберлігі өте жоғары деңгейде болуы керек. Мәселен, өткен жылғы біріншілікте қазақстандық Бауыржан Мұхамбетәлиұлы 12-13 жастағы өрендер арасында өткен жарыста ең үздік болып танылды. Бұл жағдай біздің деңгейіміздің өсіп келе жатқандығын аңғартады», ­ – деп атап өтті.

2016 жылы муайтайды Халықаралық Олимпиада комитеті ресми түрде мойындады. Қазіргі кезде спорттың бұл түрін Олимпиада қоғалысына енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Алдағы уақытта Қазақстанда «Спорт-Аккорд» деп аталатын Дүниежүзілік жекпе-жек ойындары өтеді. Сол жарыс арқылы біздің спортшылар Қытайда өтетін Азия ойындарының қатысу мүмкіндігіне ие болуға тиіс.  

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»