27 Ақпан, 2019

Бүгін Қазақстанның оңтүстік-шығысында жауын-шашын болмайды

464 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Сәрсенбі күні Қазақстанның тек оңтүстік-шығысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Бұл туралы  «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін Қазақстанның оңтүстік-шығысында жауын-шашын болмайды

«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сипаты күтіледі, кей жерлерде жауын-шашынды. Тек республиканың оңтүстік-шығысында ғана жауын-шашын болмайды. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі сақталады» деп хабарлады синоптиктер.

Астанада құбылмалы бұлтты, кейде қар жауады. Оңтүстік-батыстан 7-12 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -12-14, күндіз -6-8. 

Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -1-3, күндіз +7+9. 

Шымкентте күндіз құбылмалы бұлтты, 5-13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +14+16, түнде +1+3.

Ақмола облысында күндіз және түнде қар жауады, кей жерлерде бұрқасын соғады. Күндіз -5-10, түнде -10-15.

Батыс Қазақстан облысында күндіз аздаған жауын-шашын болады, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ. Күндіз және түнде 0-5. 

Қостанай облысында күндіз және түнде қар жауады, кей жерлерде бұрқасын соғады, көктайғақ, тұман, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -4-9, түнде -17-22.

Қызылорда облысында күндіз жне түнде жауын-шашынды, кей жерлерде тұман күтіледі, көктайғақ. Күндіз +6+11, түнде -3+2.

Жамбыл облысында күндіз жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +6+11, түнде -3+2. 

Ақтөбе облысында күндіз және түнде аздаған қар жауады, кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз 0-5, түнде -5-10.

Алматы облысында жауын-шашынсыз, түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман, Жалаңашкөл ауданында 17-22 м/с жел тұрады, екпіні 25 м/с дейін жетеді. Күндіз +6+11, түнде 0-5. 

Түркістан облысында күндіз және түнде жауын-шашынды, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +12+17, түнде -1+4.

Шығыс Қазақстан облысында күндіз жауын-шашынды, түнде қар жауады, кей жерлерде бұрқасын күтіледі, көктайғақ, тұман, 15-20 м/с жел тұрады, Жарма ауданында екпіні 25 м/с дейін жетеді. Күндіз -1-6, түнде -12-17.

Қарағанды облысында күндіз және түнде қар ажуады, кей жерлерде бұрқасын соғады, көктайғақ, тұман, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 0-5, түнде -7-12. 

Павлодар облысында күндіз аздаған қар жауады, кей жерлерде бұрқасын соғады, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 0-5, түнде -5-10.

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз және түнде қар жауады, кей жерлерде бұрқасын соғады, тұман түседі. Ауа температурасы күндіз -5-10, түнде -15-20.

Атырау облысында күндіз және түнде жауын-шашынды, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ. Күндіз 0+5, түнде 0-5.

Маңғыстау облысында түнде аздаған жауын-шашынды, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ. Күндіз +4+9, түнде -1+4.

«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында, шығысы мен батысында ауа температурасының көтерілуіне байланысты қардың еруі және қар суының қалыптасуы, мұз қату құбылыстарының әлсіреуі мүмкін» деді синоптиктер.