Қазақстан • 01 Наурыз, 2019

«Даму» қорының басқарма құрамы өзгерді

510 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқармасының құрамы өзгерді деп хабарлады KASE сайты.

«Даму» қорының басқарма құрамы өзгерді

Сонымен, басқарушы директор, басқарма мүшесі Қуаныш Ұласбековтың қызметтік өкілеттігі ҚР Еңбек кодексінің 49-бабы 1-тармақшасына сәйкес (тараптардың келісімімен шарттың тоқтатылуы) мерзімінен бұрын тоқтатылды. 

Енді «Даму» қорының басқармасы бес адамнан тұрады: төрағасы Абай Сарқұлов; төраға орынбасары Гаухар Бурібаева, Дәулет Әбілқаиров пен Ғалым Нұрғазиев; басқарушы директор - Әсет Шәріпов.