Аймақтар • 01 Наурыз, 2019

Павлодарда әйелдер форумы өтті

457 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Облыс орталығындағы  Достық үйінде 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Жұмыскер әйелдер – еліміздің басты құндылығы» атты өңірлік әйелдер форумына Астана, Ақмола, Қарағанды  өңірлерінен келген қыз-келіншектер  қатысты.

Павлодарда әйелдер форумы өтті

Жиналғандарды облыс әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев,  Президенті жанындағы Әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымының орынбасары Елена Тарасенко,  Азаматтық Альянс дирекциясының басшысы Азиза Шөжеева құттықтады.   

Форумда негізінен еліміздің экономикалық, әлеуметтік және саяси өмірдегі әйелдердің рөлін күшейту, басқа да әлеуметтік мәселелерді шешу жолдары талқыланды.

Шара барысында Women garage Pavlodar атты қолданбалы қолөнер және зергерлік бұйымдардың көрмесі ашылды.

Жиынға қатысқан еліміздің Кәсіподақтар Федерациясы төрағасының орынбасары Мұхтар Тінекеев те қатысып, әйелдер қауымын алдағы келе жатқан  мерекелерімен құттықтады.

 - Еңбек адам өз Отанының  патриоты. Сіздер елімізде экономика мен өндірістің дамуына белсенді қатысып келесіздер. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, еліміздегі халық санының 52 пайызын әйелдер құраса, қызмет, басқа жұмыстарда  - 48,2 пайыз әйелдер еңбек етуде, деді.

Жиынға Шарбақты ауданы Шалдай ауылынан келген Гүлнар Нұрұмова 8  өсіріп тәрбиелеуде. Гүлнар «Ертіс орманы» резерватында еңбек етуде.

 Гүлнардың айтуынша, орман шаруашылығы мекемесінде жеңілдіктер қарастырған. Жыл сайын балаларға жазғы лагерьлерге жолдама беріледі.

 Жұмысшыларға материалдық көмек көрсетіледі. Көп балалы отбасылар үшін «Мектепке жол» шарасы қолдау көрсетеді

М. Тінекеевтің айтуынша, еліміздегі Кәсіподақтар Федерациясының 2 миллионнан астам мүшесінің 55 пайызы - әйелдер. Және 18 мыңнан астамы бастауыш партия ұйымдарының 67 пайызын әйелдер басқаруда.

 Қазір әйелдер ерлермен тең дәрежеде экономикалық, саяси өмірге қатысады.

Ал, әйел адамдармен ерлер  аралас еңбек еткен ұжымда тәртіп пен бақылау болады.

Федерация төрағасының орынбасары Елбасының төрағалығымен өткен «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызы қадам жасалғанын атап өтті.

- Мемлекет басшысы аз қамтылған және көп балалы отбасыларды қолдауға ерекше назар аударды, - деді Мұхтар Тінекеев. – Республикалық бюджеттен көп балалы отбасына әр балаға төленетін 16 мың теңге 21 789 теңгеге өсті. Бұл бес есеге жоғары. Нәтижесінде 830 мың адам қамтылады. Оның ішінде 550 мың бала бар. Мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған ата-аналардың жәрдемақысы 30 пайыз артады. Бұл ретте 100 мыңнан астам адам қамтылады.

Сонымен бірге, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында осы санатқа жататын отбасылар үшін арендалық баспана салынып, 2-3 пайызбен жеңілдіктер көрсетіледі. Жергілікті бюджеттен балабақшалар мен мектептерде тегін тамақтану, жол жүру, білім алу, бизнесмендер, кәсіпкерлер аз қамтамасыз етілген көп балалы отбасыларға үй салып беру жоспарлануда.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

ПАВЛОДАР